Тышқан жылы елімізде елеулі оқиғалардың ізін қалдырды

Бифат ЕЛТАЕВА

26.12.2020, 10:49

1706

Жылда ескі жылға есеп беру жылдағы әдетіміз. 2020 жыл несімен есте қалды, қандай оқиғалармен ерекшеленді дегенге келетін болсақ, тышқан жылында қуанышымыз да, қайғылы оқиғаларымыз да көп болды. Жылнама бойынша тышқан жылы молшылық пен берекенің, бейбітшілік пен тыныштықтың жылы деп саналады. Халық та тышқан жылын қиыншылық, жаугершілік, аштық бола бермейтін жыл деп санап келген. Ал 2020 жылдағы тышқан жылы халықтың үмітін ақтай алмады. Коронавирус індеті елімізді ғана жайпап қоймай, бүкіл әлемді дүрліктірді. Індет жайлы үрейлі жаңалықтар жрттың дегбірін ала түсті. Індет жайлы қорқыныш пен шектеулер көпшілікті үрейлендіріп қана қоймай, күйзеліске де түсіргені анық. Карантиндік шаралардың күшейтілуінен бірқатар кәсіпорындар мен сауда-саттық орындары табыссыз қалды. Әсіресе, кинотеатрлар, тойханалар, сауда орталықтары мен тамақтану орындарына оңай тимеді. Басында халық мұндай індеттің барына сенбестік танытқанымен, кейіннен әп-сәтте жаппай көбісі ауырып, жақындарынан, достарынан айырылуы амалсыздан сендіруге тура келді. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады демекші», елде дәрі, маска, антисептиктің жеткіліксіздігі орын алды. Жұрт «үмістсіз шайтан» дегендей, дәрісі жоқ дәріханалардың  алдында кезекте тұруға мәжбүр болды. Дәрі тапшылығы, коронавируспен күресуге күш жеткіліксіз болуы себепті, көптеген адам қайтыс болды. Осыған орай, Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сондай-ақ бірқатар жұмыс орындары қашықтан жұмыс істеуге дағдыланып, онлайн білім алу жүйесі де біршама өзгерді. Тіпті спорттық жарыстар, мәдени шаралар еліміз бойынша, әлем бойынша онлайн өткізілуге көшті. Басында онлайн шаралар, қашықтан оқыту, біршама сауда орындарына шектеу қою біраз қиындықтар тудырғанымен, қазір халық  та біршама үйреніп қалды.

Тышқан жылында індеттің өршіп тұрған тұсында Мақтаарал ауылын топан су басты. Өзбекстанның Сардоба су қоймасы бұзылып, Оңтүстік Қазақстанның бірнеше аймақтарын топан су басып, тұрғындарды біраз әбігерге түсірген еді. Тек қуанышты жайт, материалдық жағынан ғана зардап шеккені болмаса, бірде бір адам зардап шеккен жоқ. Аймақтардың тез қалпына келуіне Жергілікті билікпен қоса Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері және Өзбекстанның Төтенше жағдай қызметінің күштері жұмылдырылған болатын.  

Жаңа 2020 жылы басталған уақытта Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік  орын алған болатын. Жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан жалпы 11 адам қаза тапқан еді. Оқиға орын алған уақытта Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев арнайы келіп, жағдайдың келесі кезекте жол берілмеуіне нықтап тапсырма беріп,  мемлекетке 829 миллион шамасында шығын келгенін де айтқан болатын.

Ал саяси тақырыпқа келетін болсақ, 2020 жылы елімізде тұңғыш рет партияішілік праймериз өткізілді. Сондай-ақ, онлайн форматта үміткерлерге дауыс беру үшін де арнайы платформалар әзірленді. Келесі кезекте іріктелгендер 2021 жылы 10 қаңтарда Мәжіліс сайлауына қатысатын болады.

Елді тағы бір алаңдатқан мәселе Борат-2 фильмінің түсірілуі. Фильмде ойдан шығарған еліміздегі саяси оқиғалар мен коронавируспен күрес тәсілдері мазақ етіп түсірілген. Ол аздай көк туымыздың үстінде жалаңаш ер адамдар билеп жүргені түсірілген. Осыған орай, Алматыда АҚШ-тың Бас консулдығының алдына «Борат-2» фильмінің әлемдік прокатқа шығуына қарсылық танытып, жастар наразылық білдіріп шықты. Нәтижесінде, үкімет туымызды үйлердің іргесі мен балконына ілуге рұқсат берді.

Сонымен қатар жыл аяқталар тұста Ресей мемлекеттік думасының депутаты Никонов өз жерімізді өзімізге сыйға тартқанын айтып елді тағы дүрліктірді. Осыған орай, Түркия жастары да ресейлік депутаттың даулы мәлімдесіне қатысты акция бастап, «Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!», «Қазақстан жалғыз емес!», «Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға да қарсы!» деген ұранмен қолдау көрсетуді бастады.

2020 Тышқан жылы Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларға да толы болды.  Соның ішінде  Алтын Орданың 750 жылдығы, Әл-Фарабидің бабамыздың 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл, Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына – 100 жыл және т.б. аясында көптеген шаралар жүзеге асырылды.

Тегтер: жыл жаңа жыл ескі жыл есеп пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?
Сайт әкімшілігі 12:00
Мәжіліс көлік ұрлаумен күрес туралы халықаралық келісімді қарастырады
Сайт әкімшілігі 11:30
Талғат Нәрікбаев: білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер
Сайт әкімшілігі 11:15
«ADAL BILIM» жұмысының нәтижесі қандай
Сайт әкімшілігі 11:00
Зейнетақы төлемдерін алу ережелері жарияланды: туыстан мүлік сатып алуға болмайды
Сайт әкімшілігі 09:58
Короновирустан қайтыс болғандар саны күрт өсіп кетті

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15