25.06.2019, 19:34
87
Ақтөбеоблысында Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғарғы көрсеткіш аламыз деп комиссиямүшелеріне пара ұсынған шенеунік ұсталды. Күдікке ілінгендер Мұғалжар ауданыәкімінің орынбасары мен Қандыағаш ауылының мектеп директоры. Бұл туралыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіхабарлайды.
ВедомствоныңАқтөбе облысындағы департаменті өкілдері Мұғалжар ауданы әкімі орынбасары менҚандыағаш ауылының мектеп директорының тергеліп жатқанын айтады. Олар ауданныңбілім мекемесі басшыларына Білім және ғылым министрлігі комиссияқызметкерлеріне ҰБТ-ның көрсеткішін оң нәтижемен көрсетсін деген мақсаттакомиссия мүшелерін қымбат мейрамхана мен қонақүйлерге апаруға міндеттеген.
«2019 жылдың 20 маусымында атап өткен адамдар мектеп директорынан 540 мыңтеңге алған, бұл ақша Ембі қаласының жеті білім мекемесінен жиналған.Күдіктілерді процессуалдық тұтқынға алу шаралары жасалған жоқ, себебі олар өзкінәларын мойындады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға бойынша соңғышешімді күдіктілердің кінәсіне қарай сот шығарады», — делінген хабарламада.
Фото: the-steppe.com
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР