ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев

Сайт әкімшілігі

12.06.2021, 10:29

1672

Жоғары оқу орнын таңдаған кезде бірқатар мәселелерге мән беру керек. Қазір мектеп түлектері мамандық таңдап, университетке түсуге дайындалып жатыр. MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында білім саласының сарапшылары ЖОО таңдау бойынша пайдалы кеңестемен бөлісті. Сондай-ақ ҰБТ туралы сөз қозғады.    

   Эфир барысында КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев оқушыларға арналған ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды. Спикердің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын бөлу процесінде ЖОО-ларға толықтай сенім артуы тиіс. Сондай-ақ ол мектеп баланы ҰБТ-ға емес, университетке түсуге дайындауы керек екенін айтты.

  «Мектептерде балаларды тапсырмалардың жауабын жаттауға емес, шешімін табуға үйрету керек. Соның арқасында олар мектеп кезінен  ойлануды үйренеді. ҰБТ-ны алып тастап, ЖОО-лар студенттерді бұрынғыдай емтиханмен қабылдау керек. Емтихандар тест түрінде емес, Еуропа, Америкадағыдай белгілі бір тапсырмалар арқылы, баланың қабілетін, белсенділігін анықтау бойынша өткізілуі керек»,-деді ол.

   ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов Талғат Нәрікбаевтың пікірімен келісетінін айтып, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы сөйледі.

  «Негізінде мен ҰБТ баланың білімін тексерудің ең тиімді, ең объективті құралы емес деген пікірмен келісемін. Бірақ қазір біз компьютерлік тестілеуге көштік. Жаңа форматты мемлекеттің шығынын азайтып, процесті цифрландыру үшін ғана енгізген жоқпыз. Ол оқушының білімін бағалау аясын кеңейтуге бағытталған»,-деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15