Үйіне жай түскен аягөздік ана көмекке зәру

18.07.2019, 22:10

50

Аягөз ауданы,Желтоқсан көшесі, 197 үйде тұратын Еркежан ЕСКЕНДІРОВА аяқ астынан баспанасынайырылып, далада қалғалы айға жуықтап қалды. «За линий» ықшам ауданындағы үйінөткен жылы қарызданып-қауғаланып әрең сатып алған тұрмысы төмен отбасы тосыннантүскен найзағайдың кесірінен барар жер, басар тауы қалмай, қиын жағдайға тапболып отыр.

— Қазір туған аға-жеңгемнің үйінде жүрміз. Олардың өзіжеті баласы бар, жәрдемақыға сүйенген адамдар. Өзімнің үшінші балаға аяғым ауыр.8-шілде күні кешкісін үйімізге найзағай түскенде, Құдай сақтап ешқайсымызболған жоқ едік. Мен екі баламды алып моншаға кеткенмін, күйеуім жұмыста болды.Сол күні үйге қона алмадық. Өрт сөндірушілер үй іші көктүтін болғандықтан,қонуға болмайтынын ескертті. Ал, 9-ы күні таңға жақын біз барған туысымыздыңүйіне хабарласып, үйімнің қайтадан жанып жатқанын айтты. Содан қайтейін,киім-кешек, жиһаз атаулы түгел жанып кеттті. Жағдайымыз мәз емес: күйеуім жалдамалыжұмыста жүр. Өзім  биржа арқылы жұмысістеп жүргем, қазір осы проблемаға байланысты басымызбен қайғы болып кеттік, — дейдіЕркежан.

Е.Ескендірова

Баспанасыз қалғанананың айтуынша, балаларының үлкені 8 жаста, кіші перзенті 5 жастан енді асқан.

Қазір туысының үйінпаналап, «барар жер, басар тауы қалмаған» отбасының жағдайынан аудан әкіміДілдәбек ОРАЗБАЕВТЫҢ хабары бар екені шындық. Бірақ та, мәселені бірден шешуге олда дәрменсіз. Өйткені, Аякөзде 700-дей отбасы үй кезегінде тұр. Заңға сүйенерболса, олардың белінен басып, бір үй бере салудың қисыны келмейді.

Жергілікті атқарушыбиліктің әзірге жауабы: «уақытша тұратын пәтер іздей тұрыңдар» дегеннненаспапты. Ал, бұған дейін пәтерден-пәтерге көшіп, жан бағып келген бұл отбасыжанып кеткен үйін ескі екеніне қарамастан өткен жылы ғана 650 мың теңгеге ғанасатып алған екен. Соған орай банктен алған кредитін әлі төлеп жатқаны тағы бар.

Аудандық әкімдікпен қала басшылығы тарапынан облыс орталығына жіберген құжаттарына сәйкес,жауап келсе ғана бір демеу боларын естіген Еркежан Ескендірова дәл қазір әрбіркүнгі сағатты санап, уақытын зарыға өткізіп жүр. Дегенмен, аудан әкімі Д.ОразбаевАрыстағы жарылысты табиғи апатпен «шатастырып алатын» Қорғаныс министрі Н.ЕРМЕКБАЕВсияқты емес, найзағай түскен үйдің жанайқайын күз түскенше реттейтін болардеген сенімдеміз.  

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:52
Прокурор 10 жылға соттамақ болған Шкарупа ақталып шықты
Сайт әкімшілігі 10:34
Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Аңдатпа


  • Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
    10:34
  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23