Үйқамақта қабылданған заң заң ба?

02.07.2020, 06:17

50

Аузы-мұрнымыз байланып, үйқамақта отырғанда қабылданған «Бейбіт шерулертуралы» шала-жансар заңнан кейін «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау туралы»заң жобаларына енетін өзгертулер мен толықтыруларды, саясаттанушы Дос Көшім айтқандай, асыға күткеніміз рас.Қоғам тарапынан талай жыл сынға ұшыраған заңдарды талдау үшін ондаған дөңгелекүстел өткізіп,  теледидарданпікірталастар ұйымдастырылып,  сарапшылардыңсан түрлі сындарлы ойлары мен ұсыныстары талқыға түседі деп ойлағанымыз даөтірік емес. Өкінішке қарай,  біздің күткеніміздейболмай шықты. Дегенмен заңдарды жедел қараудың артына үңілетін болсақ,  елде парламент сайлауына дайындықтың лебісезіле бастағандай. Шындығында, дайындалып жатқан билік, ал қоғам жай ғана көрермен. Өйткені қоғамдаболып жатқан өзгерістердің бәрі халық  назарынан тыс қалып жататыны жасырын емес.

     Жалпы, реформа дегеніміз –жүйелі, салмақты түрде жүргізілетін үлкен өзгеріс, кең талқылаулар. Оған қоғамның барлық өкілдері белсендітүрде атсалысуы тиіс. Ал бізде қалай? Конституцияның 3-бабы бойынша,«мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы» болып табылатын  халықтың қанша пайызы осындай маңыздытүзетудің қабылданғанына қатысқанын бір құдай біледі. Он шақты адамнан тұратынжұмыс тобын  құрады. Сол жұмыс тобы бірайдың ішінде Ата заңымызға өзгеріс енгізе ала ма? Ірі қоғамдық жүйеліөзгерістерді он шақты адамның жүзеге асыруы мүмкін емес. Олар тағайындағанадамға, тағайындаған институтқа тәуелділер. Солардың айтқанынан шыға алмайды.Демек, айтылған  ұсыныстар мен өзгерістерқолдан ұйымдастырылған көзбояушылық. Шын мәнінде жұмыс тобына қоғамдық ұйымдар,саяси партиялардың өкілдері, саясаткерлер, саясаттанушылар, белсенді жастар – бәрі қатыстырылуы керек.

     Бұл тіпті бүгінгі биліктің соңғы  іс-қимылынан да көрінеді. Олар өздерін  алдын ала сақтандыруға жәнеқауіпсіздендіруге  тырысуда. Заңдарғаенер өзгерістер мен толықтыруларды халық талқысына салып, содан кейін барыпқабылдайық дейтін билікте ниет жоқ. «Бұл заңның қабылдану процесіне азаматтыққоғам толық қатынаса алмады.  Төтеншежағдай мен коронавирустық карантин режимін пайдаланып, билік өзініңкөңіліне  жағатын нұсқаны «тізеге салып»қабылдап жіберді» деген пікірлердің астарында шындық жатқанын мойындамасқа  болмайды. Азаматтық қоғам бұл заң талаптарымен биліктің «ойын ережесін» мойындайды деп айта алмайсың.

     Бүгінде жұртшылықтың «билік негеКонституция  талаптарын, өз шешімдеріннеліктен   ашық талқыламайды, негемемлекеттік маңызы бар мәселелер  жабықесік жағдайында қабылданады, билікте неге жауапкершілік жоқ» деп, жұртшылықтыңнаразылық танытуы тегін бе? Біздің биліктің халық пікірін, ұсынысын ескермеуі үйреншіктіжағдайға айналды. Кезіндегі «қазақстандық ұлт», «үштілдік идеясы», «Еуразияодағына кіру», «кезектен тыс сайлау», «Қазақстанда АЭС салу», «Шетелден ядролыққалдықтардың әкелінуі», «жерді шетелге жалға беру», ЭКСПО-2017, «ел астанасының атын өзгерту» мәселелері – халықтыңпікірі емес, бұл өзімбілемдікке салынған биліктің ойлап  тапқан амалы. Мұны қоғам қалай қабылдайды,оған қандай баға береді? Бұл жағы билікті ойландырмайды. Өйткені халықтыңүстінен үн-түнсіз шешім қабылдап жіберетін қазақ билігі бұл жолы да өзінеқажетті шешім қабылдары сөзсіз.

      Бүгінде билік экономикалық реформалар саясиөзгерістерсіз іске аспайтынын  айтып,елде жүйелі, жете ойластырылған саяси реформалар жасаймыз деп, дүйім жұрттысендіруге талпынып бағуда. Бірақ бүгінгі биліктің саяси реформа туралы ойларыәлі пісіп-жетілмегені, нақты шешім қабылдамағаны, қоғамның жүйеге қарсы көңіл күйінболашақта қалай басқаратыны туралы нақты тұжырым жоқ екені байқалады. «Ауруқалса да, әдет қалмайды» деп, билік бұрынғыдай жаппай бұрмалаушылықтар жасап,«өсуі керек не кетуі керек» адамдарды анықтап, соларды қайткенде де құлағынансүйреп, келесі парламентке өткізбек сыңайлы. Тағы да алдағы сайлауда додағақазіргі парламентте отырған үш партия («Нұр Отан», «Ақ жол», Халықтық коммунистікпартия)  қайтадан түсіп, орын бөлісетінболса, онда қазіргі тірліктің бәрі бос әурешілік болып қалмақ. Онда келесіпарламенттен халық ешқандай әлеуметтік өзгеріс күтпейді.

      Халық соқыр емес. Елдің бәрінің көзінкөлегейлеп жаба алмайсың. Парламент қандай жолмен сайланса, халықтың оған дегенсенімі де сондай болады. Бір тектіліктің бір ыңғайлылыққа  ауысқанынан жерисің. Халық ұзақ уақыт көзсүйелболғандарды емес, саясат  сахнасынан жаңатұлғаларды, жаңа партияларды көргісі келеді. Демек, бұл заң солардың тіркелуіненегіз болуы тиіс.  Ал «Бейбітшерулер  туралы» заң биліктің өзінеыңғайлы ғана митингілерді өткізбекші ойын аңғартады. Шын мәнінде митингілерденүлкен қауіп-қатер жасап, үрей  тудырыпотырған – биліктің өзі. Яғни билік қоғамдағы наразылық  көңіл күйді дұрыс пайдаланаалмай отыр. Мұның себебі өзін қоғамнан биік қоятын баяғы «өзім білем» деген биліктіңескі түсінік-танымында.

    Жалпы, митинг, шеру дегеніміз –адамдардың өз пікірлерін, көзқарастарын ашық айтатын алаң. Күні кеше еліміздіңбіраз қаласында митинг өтті. Наразы топ биліктен несиеге жаппай амнистияжасауды, саяси тұтқындарды босатуды, жерді шетелдіктерге сатпауды әрі жалғабермеуді талап етті. Байыптап қарасақ, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Әркімніңкөкейінде жүрген сауал. Халық өз ойын алаңда тұрып айтқысы келді. Алайдабиліктегілер алаңға барып, халықтың алдына шығып, жұрттың айтқандарын тыңдап,ортақ бір шешімге келудің орнына оны тұншықтырып, жаншуға  барын салды. Жасалған қиянатқа қарсы халықкөшеге шықса, оның себебін оппозициядан іздемеу керек. Оны қоғамдағы әділеттіктібелінен басатын биліктен іздеу керек.

       Мемлекет тәуелсіздігініңнегізі азаматтардың бостандығы мен тәуелсіздігінен тұрады. Қазақстанда бейбітжиын өткізуге,  сөз бостандығына заңментыйым салынбаған. Демек, билік заң белгілеген шектеулі щеңберде жұмыс істеуі керек. Әрбір азамат заңмен тыйым салынбаса,биліктің араласуынсыз еркін  әрекет етугеқұқылы.  Биліктің халықпен санасуын  талап етуге әр азаматтың құқы бар. Алайдабилік дағдарыс кезінде шынайы демократияны орнатып, азаматтардың құқықтарынқорғайтын және дамытатын қадамдарға барудың орнына, керісінше, авторитарлықтәсілге бой алдырып келеді. Қазақстанның әр тұрғыны өзін егемен елдің еркін азаматы ретінде сезіне алмаса, қоғам пікірі ескерілмейтін болса, ондабіз қандай тәуелсіздікке қол жеткіздік?! Елді дамыту мен өркендету жолындабилік азаматтардың отаншылдығы мен ерік-жігеріне арқа сүйеудің орнына,  керісінше, авторитарлық тәсілдерге бойалдырғаны қалай?! Президенттің «халық пен билік арасында диалог орнауы керек, үкімет«еститін мемлекетке» айналуы тиіс» дегені қайда? Атқарушы билік президенттіңайтқанының бәрін сызып тастайтын болса, онда мемлекет басшысы сөзініңшынайылығына қалай көз жеткізуге болады?!

       Жоғары жақтағылар халықтыңпікірімен санаспай, «халық бәріне көнеді, қашанда айтқанымыздан шықпайды» десеқателеседі. Халықтың алдында кесе-көлденең тұрған, оны кері бұруға талпынғанкез келген әрекет сыртқа тебу реакциясын туғызады, яғни елдің еркіне қол сұғуүнемі үнсіздікпен  біте бермейді. Қазірхалықтың  сана-сезімі оянып, айналадағыоқиғаларды өз түсінігімен қабылдап, өз көзқарасын білдіретін халге жетті.«Халық бәрін білмесін» деген қитұрқы саясат ұстанып, азаматтардың бостандығы,еркіндігі, құқығын ескермей, оларды қудалау жалғаса беретін болса, оның соңыжақсылықпен аяқталмайды. Озбырлық үстемдігі мемлекетті құрдымға кетіреді. Ондайболмау үшін халықтың билікке  қоярталабы: ашық та әділ сайлау өткізу, сөз бостандығын іс жүзінде қолдану,азаматтардың  бейбіт шеру,  жиын өткізу еркіндігін  мойындау, саяси қудалауды тоқтату. Қазіргі авторитарлық,қуғын-сүргінге сүйенген идеологиясын шынайы демократияшыл, әлеуметшіл, саясиреформамен алмастыру. Халық бостандық пен әділеттік орнаған тәуелсіз елде өмірсүруді армандайды. Бұл – миллиондаған халықтың үміті мен сенімі.


МұратӨТЕБАЙҰЛЫ

Саудакентауылы

Сарысуауданы

Жамбылоблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57