Үйсіз әкім

13.04.2018, 20:31

222

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Майлыбас ауылдық округінің тұрғындары әкімдеріне наразы. Жергілікті халықтың айтуынша, осыдан шамамен бір жыл бұрын қызметке келген Қаныш ЖҰБАТҚАН әлі күнге дейін аудан орталығынан қатынап жұмыс жасайды екен. Әйтеке би кенті мен ауылдың арақашықтығы 70 шақырым.Жергілікті әкімнің бұл әрекетіне ашуланған тұрғындар «Жас Алаштың» тілшісіне хабарласып, мәселені баяндап берген еді. «Біздің әкіміміз өзі басқарып отырған ауылда тұрмайды. Жаман айтпай жақсы жоқ. Оқыс жағдай орын алып жатса, әкімді қайдан іздеп жүреміз. Оның отбасы кентте тұрады. Күнделікті жұмысқа қатынап жүретінін көріп жүрміз. Қолымызда дәлеліміз де бар. Бірнеше мәрте өзіне де, аудан басшылығы на айттық. Бірақ әлі күнге дейін жағдай өзгерер емес. Ережеге сәйкес, шенеунік өзі басқарып отырған ауылда тұруы керек емес пе? Әлде бұл талаптың Қаныш Аманшаұлына қатысы жоқ па», — деді Сәрсен АЯҒАНОВ есімді азамат. zhasalash.kz тілшісі Майлыбас ауылы әкіміне хабарласты. Қаныш Жұбатқан қызметтік баспанаға қолы жетпей жүргенін айтты. «Мен бұл қызметке былтырғы жылдың тамыз айында келгем. Балаларым аудан орталығында оқиды. Сол себепті отбасым Әйтеке би кентінде тұрып жатыр. Алайда мен жақында ауылдағы Амангелді көшесінен баспана сатып алдым. Қазір сонда тұрып жатырмын. Қызметтік баспанамен мені аудан әкімдігі қамтамасыз етуі тиіс болатын. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселе шешілген жоқ», — деді әкім. Айта кету керек, Қазалы ауданы әкімінің қызметін қазіргі таңда Мұрат ЕРГЕШБАЕВ атқарып отыр. Бұл шенеуніктің де аталмыш қызметке орналасқанына көп бола қойған жоқ. Бәлкім ол да аудан орталығынан баспана ала алмай Қызылордадан қатынап жүрген болар.

Айнұр Манатбай, Қызылорда облысы

Фото: imperiya.by

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:45
«Биылдың өзінде 200». Nur Otan үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін қалай шешеді
Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32