Үйсіз қалған Шымкент тұрғындары аштық жариялады

22.08.2019, 08:31

146

Шымкенттегі Абайауданында тұратын бір топ тұрғын аштық жариялады. Олар өртеніп кеткен үйлерініңорнына үй салып беруге уәде берген әкімдіктегілерді немқұрайлылық танытуда депайыптап отыр. Бұл туралы 1tv.kzхабарлады.

Аштық жариялаған45 отбасы үкіметтен көмек сұрайды. Шағымдары сол, қала әкімдігі мәселенітездетіп шешетін сыңай танытпайды. Олар бұған дейін үйлері өртеніп кеткентұрғындарға бір жыл ішінде үй салып береміз деп уәде берген. Бірақ, бұл туралытұрғындардың қолына ешқандай құжат берілмеген. Тұрғындарды алаңдатып отырған даосы. Олар өздерін ешкімнің елемейтінін айтады.

— Бізге ешкіммына үйді сырып тастады деген қағаз берген жоқ. Мына жерге үй салып береміз депешкім құжат берген жоқ. Содан кейін, біз өзіміздің үйіміз, жеріміз болған жергекеліп, жатырмыз, — деді осы жерде үйі болған бұрынғы тұрғын Закура БАТЫРБЕК.

Бұл тұрғындар жазайынан бері баспанасыз жүргендерін айтады. Үйлері жанып кеткендіктен, әркімніңшаңырағын паналауға мәжбүр. Үш ай бұрын өртенген жатақхананы сүріп тастағанмен,құрылыс жұмыстары әлі басталмаған. Бұрынғы әкім Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ бергенуәдесін орындамай, орнынан кетті, ал, жаңа әкімнің қабылдауына кіру мүмкінемес.

— Бізді күндеарқамыздан қағып шығарып салады. Ертең жасаймыз дейді. Міне, үш ай өтті, ертеңдеп келе жатқандарына. Әбден тойдық. Біздің талабымыз мынау: әкім осындакелсін, бәрімізді жинап, жеке-жеке келісімшарт жасасын. Тұрғын үйді салатынинвестормен таныстырсын. Өйткені, біз заңмен қорғалуымыз қажет, — дейді тағыбір тұрғын Гүлназ ЫСТАУОВА.

Ал, жауаптышенеуніктер жаңа салынбақ үйдің сызбасы дайын екенін айтады.

— Жаңа үйқұрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Одан кейінмемлекеттік сараптама бар. Сол мемлекеттік сараптамадан өтсе, инвестор қазіріздестіріліп жатыр. Ол табылады. Сондықтан құрылыс жұмысы биылғы жылы басталадыдеп отырмыз, — деді Абай аудандық әкімнің орынбасары Нұрлан ТІЛЕШ.

Фото: almaty.tv

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55