14.09.2020, 14:50
119
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» және «Бүркіт» арнайы жасақтарын тарта отырып, астана аймағында бопсалау, рейдерлік және қару-жарақ саудасын жүзеге асыратын «Алибовские», «Ибрагимов» және «Махмудов» аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін бір мезгілде тоқтатты.
Арнайы операция барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларында осы топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, олардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм және кісі өлтіру бойынша халықаралық іздеуде болған. Атыс қаруы, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы тәркіленді.
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына орналастырылды, қолда бар дәлелдемелерді шоғырландыру және қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтарын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Карантиндік шектеулер жағдайында қылмыстық қауымдастықтар экономикалық қиындықтарды бастан кешіріп жатқан кәсіпкерлерден бопсалау мен рейдерлік әрекеттерді жалғастыра отырып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін тоқтатқан жоқ.
Өзгенің мүлкін тәркілеу қылмыстарының қатыгездігі көбінесе атыс қаруы мен физикалық күш қолданумен жүрген.
Мұндай жағдайда ел басшылығының алдында бандиттік элементтерден келетін бейбіт тұрғындарға төнетін қауіп-қатерлерді жою міндеті тұр.
Арнайы қызмет пен полицияның қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасуда.
Еркежан АРЫН
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР