Үкімет кімді алдап отыр?

Жайна ТӘТІМБЕТ

01.06.2021, 08:16

6738

Міне, биліктің халыққа  ертегі айтып, алдап келе жатқанына 30 жыл болды. Сол  «ертегі» әлі  жалғасуда.  Осыдан  біраз  күн бұрын Үкімет  сайтында  мынадай  бір «ғажап»  деректер  пайда  болыпты. Оны  көпшілігіміз  байқамай  қалғанымыз  рас.  Алайда  кәсіпкер  һәм саясаттанушы  Санжар Боқаев көріп қалып, әлеуметтік желілерде шу  шығарды. 

     Елді елең еткізген  бұл  не  дейсіз  ғой,  енді қырағы  көз Санжар Боқаевтың Мамин  басқарған  үкіметтің  масқарасын  шығарған  жазбасындағы  мына  бір  жайларды  алға  тартайық. Сөйтсек, Қазақстанда  167  түрлі көлік  шығарылады  екен.  Соның  ішінде  әлемдік  нарықта ерекше  орын  алатын  22  көлік  түрі   бар көрінеді. Осындай  брендті  көліктер  шығару  үшін   соңғы  10  жылда Қазақстанда 130  зауыт  салынып үлгеріпті. О,  ғажап! Неткен  керемет!  Халық қалай  аңғармай,  білмей  қалған?!

        Ал әлемде автокөлік  шығарудан  алғашқы  бестікке  кіретін  Жапон  елі  небәрі 14  көліктің түрін шығарса, Германия 15  көлік  түрін  өндіріске  қоя алған екен. Бұлармен  салыстырғанда Қазақстан 167  көлік  түрін, соның  ішінде 22  брендті көлік  шығаратын  деңгейге  көтеріліпті.  Әлгі автоалып  елдері біздің  жанымызда  шаң  қауып  қалғанға  ұқсайды. Апырай ә  дерсің, анау Жапон  мен Герман еліне  обал  болған екен  ғой  дерсің  жаның ашып.  Ал ақиқатқа  тура  қарап айтар  болсақ, бұл Мамин  басқарған  үкіметтің  кезекті   «ертегісі»,  қиял-ғажайып   аңызы.  Сонда Мамин  үкіметі  кімді алдап  отыр? Өздерін  бе,  әлде  халықты  ма?

         Бізде  көлік  шығаратын  130  зауыт  жоқ  екені бесенеден  белгілі. 167  түрлі көлік шығару  автоалыптар елі – Жапония  мен Германияның  қолынан келмегенде,  экономикасы мешеу,  жемқорлық  жайлаған Қазақстанның  қолынан  келді  дегенге  кім  сенеді?

         Рас,  бізде  азды-көпті  көлік  шығарылады.  Бірақ  оны Made in Kazakhstan  деуге келмейді. Біз бар-жоғы  даяр келген  дүниені  құрастырамыз. Оны Қазақстанда  шығарылған  деп емес, Қазақстанда  құрастырылған  десе  дұрыс  болар еді.  Айтпақшы, Санжар Боқаев   индустрия министрлігі елімізде нақты  қанша  көлік  шығатынын  және  көлік шығаратын  қанша зауыт  бар екені  жөнінде  жауап бермесе, есеп комитеті мен бас прокуратураға шағымданатынын мәлім етті.

       «Асқар Ұзақбайұлы, сізден «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қамтамасыз етуіңізді өтінемін. Мен сіздің қызметтен кетуіңізді сұрамаймын. Сізді немесе сіздің министрлеріңізді ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. Өйткені дәл сондай адамдар орындарыңызға келеді. Біз құндылықтарды өзгертуге тиіспіз. Өтірікпен, көзбояушылықпен және кәсібисіздікпен күресті бірге жариялайық. Сонда айналадағы нәрсенің барлығы өзгере бастағанын көресіз», – дейді Санжар Боқаев.

         Бұған  үкімет не дер екен?! Күтелік. Егер де  билік 130  зауыт бар екенін, одан 167 көлік  түрі  шығатынын,  оның ішінде  22 брендті көліктер екенін   дәлелдеп берсе, Мамин  үкіметін  «айналайын»  демеске амал  жоқ.  Ал дәлелдеп  бере алмаса не  дейміз?

Тегтер: үкімет отставка сын пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02