22.11.2019, 11:41
88
Қарағандылық қоғам белсендісі, алты баланың анасы Әлия САДЫРБАЕВАНЫҢүкіметтің үстінен түсірген шағымын қарамай қойды. №2 Қазыбек би аудандық сотыНұр-Сұлтан қаласындағы сотқа шағым түсіру керектігін айтты.
Әлия Садырбаева сотқа берген өтінішінде үкімет жер қазбабайлықтарынан түскен қаражатты халықпен бөлісу керек деген талап қойған.
«Қазақстан үкіметі қазбабайлықтарын сату кезінде ұлттық қорға қанша қаражат түсетінін, түскен қаражаттыңқаншасы халықтың әлеуметтік деңгейін көтеруге жұмсалып отырғанын жасырмай жарияетсін. Халық өз жеріндегі байлықтың пайдасын көруі керек. Бұл жер біздің ата-бабамыздыңқаны төгілген жер. Сол себепті оның пайдасын ұрпақтары көруі тиіс», -деді «ЖасАлаш»сайтына сұхбат берген Әлия Садырбаева.
Қоғам белсендісі талап арызында қандай ұлттықкомпаниялардың шетелдік банктерде қаражат сақтайтынын әрі бұл ақшаны елгеқайтару үшін қандай шара жасалып жатқаны туралы жұртқа жария етілуі тиіс депкөрсеткен. Алты баланың анасы қыркүйекте қарағандылықтармен бірге Қытайкомпанияларымен бірлесіп жасалатын жобаға қарсылық танытқан бейбіт митингігеқатысқан.
«Қарағанды соты талап арызымды алмағанына еш қынжылмаймын»дейді қоғам белсендісі. Енді ол Нұр-Сұлтан қаласына барып үкіметке дегенталабын соттың алдында қоймақшы.
Фотоны автор ұсынды
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР