Үкіметте өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қаралды

03.12.2019, 17:35

7

ҚР Премьер-МинистріАсқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. 

Ұлттық экономикаминистрі Р. Дәленов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстаноблысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндамажасады. 

ӨД МБ іске асыру елдеурбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндікбереді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтікинфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.

2025 жылға дейін ӨД МБқаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретіндедамыту анықталды: 

  • бірінші деңгейлі орталықтарын бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) — елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын;
  • екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты – облыс орталықтары мен Семей қ.;
  • 18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды; 
  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады. 

«ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан — 2050” стратегиясында және “Nur Otan”  партиясының филиалдарымен жақындаөткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялаумаңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шараларқабылдауды тапсырды», — деді Мамин. 

Үкімет басшысыурбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңыздыекенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.

«Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз,сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әір де жүргізу қажет.Бұл ретте біздің басты міндетіміз — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасынарттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар»,- деді Мамин. 

Фото: primeminister.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04