13.11.2019, 09:10
60
14-16 қараша аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасарыБердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы іссапармен Жамбыл және Алматыоблыстарына, сондай-ақ Алматы қаласына барады деп хабарлайды премьер-министр орынбасарының баспасөз қызметі.
Жұмыс тобының құрамына үкіметтің әлеуметтік блогының: білімжәне ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениетжәне спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылары кіреді.Өңірлерде жұмыс тобының мүшелері жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулықсақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен, жастармен кездеседі.Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, бірқатар әлеуметтік және мәденинысандарды, сондай-ақ аудандарды аралап, көптеген мәдени іс-шараларға қатысады.
14 қарашада Тараз қаласында Алтын Орданың 750 жылдығынаарналған «Талас құрылысы: тарих пен тағылым» атты халықаралықғылыми-практикалық конференция өтеді. 15 қарашада Алматыда Республикалық жастарфорумы, Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі жәнетехникалық оңалту құралдарының көрмесі өтеді. Ал Алматы облысына Үкіметтіңжұмыс тобы 15-16 қараша күндері келеді. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Н.Назарбаевтың «Сындарлы қоғамдықдиалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқынажолдауында белгіленген міндеттерді ел Үкіметінің іске асыруы туралы халықтыақпараттандыру.
Осыған дейін Үкіметтің жұмыс тобының өкілдері Атырау,Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкентқалаларының тұрғындарымен кездескен болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР