Уланған маскалар туралы фейк таратылуда

Сайт әкімшілігі

19.10.2020, 05:17

628

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар есікті қағып, өздерін билік өкілдері ретінде таныстырып, тегін маскалар таратып жүрген адамдар туралы ескерту айтылуда. Бұл хабарламалардың авторларының айтуынша, қорғаныс құралдарына улы химикаттар сіңірілген, оны таққан адам есін жоғалтады, ал қаскүнемдер болса, оның үйін тонайды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл фейк Интернетте жарты жылдан бері жүр. Мұндай алғашқы хабарламалар сәуір айында АҚШ-та Нью-Джерсиде тараған. Тәуелсіз фактчекерлер мен штат полициясы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды.  Сондай-ақ оны Facebok және Twitter әлеуметтік желілерінен өшірді. Ал маусым айында Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Африка, Испания, Үндістан және Сингапур елдерінің желі қолданушылары ұқсас хабарламалар жібере бастады. Барлық аталған елдердің полициясы мұндай қылмыстардың орын алғанына ешқандай дәлел жоқ деп қауесетті жоққа шығарды. Тағы біраз уақыт өткен соң уланған маскалар тарататын тонаушылар туралы хабарламалар Интернеттің орыс тілді сегментінде – Ресейдің түрлі аймақтарында, атап айтқанда, Мордовия мен Якутияда пайда болды. Қазір бұл фейк Қырғызстан мен Қазақстанда танымал. Ешбір елде бұл қылмыстар расталған жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02