Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!

Сайт әкімшілігі

24.02.2021, 09:49

729

Алматының Жасыл экономика басқармасы Үлкен Алматы өзеніндегі Аюсай шатқалында салынған селден қорғайтын бөгеттің құрылысын зерттеу нәтижесін бөлісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, онда 4 800-ге жуық ағаш пен бұта оталған, — деп хабарлайды «Жас Алаш» inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ботаникалық бақ мамандары қыста кесілген ағаштар мен бұталардың санын есептеу қиын болғанын айтады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жалпы ауданы 32 мың шаршы метр аумақта мынадай мөлшерде ағаштар кесілген:

  • 1 000 қайың мен терек;
  • 136 қайың, терек, тал, алма ағаштары;
  • 30 долана, алма және тал;
  • 23 қайың, тал, долана, алма және терек;
  • 2 180 шырғанақ пен талдың бұталары;
  • 900 шырғанақ, раушан және бөріқарақат бұталары;
  • 460 раушан, шырғанақ, бөріқарақат бұталары;
  • 160 шырғанақ бұталары.

Басқарма өкілдері ағаштарды кесуге рұқсат бермегенін атап өтті. Сондықтан жасыл желектерді күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін жұмыс жүргізген ұйым 23 780 ағаш отырғызуға міндетті. Жасыл экономика басқармасы тергеуді жалғастырады, ол аяқталғаннан кейін қорытындысын хабарлайды.

Сондай-ақ, Үлкен Алматы өзені бассейнінің Аюсай шатқалында және Ақсай өзені бассейніне жақын 300-ге жуық әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объект пен 30 мың адам тұратын тұрғын үйлерге сел қаупі туғандықтан, бөгет құрылысы басталғаны айтылды. Ақсай өзенінің бассейнінде селге қарсы ештеңе болмаған.

Еске салайық, экоактивист бөгет салу кезінде бес мыңнан аса ағаш кесілгенін айтқан болатын. 

Тегтер: экология табиғат мәселе инспектор байлық жанашыр майдан тіршілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15