Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жасады

Сайт әкімшілігі

07.06.2021, 17:15

508

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдыруды ұйғарды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені ±1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім жасады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00 пайыз және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00 пайыз болады.

Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің теңгерімін ескере отырып қабылданды. Қазақстанның негізгі сауда әріптестері саналатын елдерде әлемдік азық-түлік бағаларының өсуіне және инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық қысымның сақталуы байқалады.

"Ішкі экономикада іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұранысты біртіндеп қалпына келтіру процесі жалғасып жатыр", — делінген қаржы реттеушісінің хабарламасында.

Ұлттық банк мәліметінше, орта мерзімді перспективада Казақстандағы инфляцияның негізгі тәуекелдері экономиканы барынша күшті фискалдық ынталандырумен, ЖЖМ-ге ішкі бағалардың одан әрі өсуімен, әлемдік нарықтардағы бағалардың ұлғаюы нәтижесінде барынша жоғары азық-түлік инфляциясымен және ішкі азық-түлік нарығында теңгерімсіздіктің туындауымен, сондай-ақ дамыған елдердің орталық банктерінің ынталандыруды тоқтатуымен байланысты болды.

2021 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,2 пайыз болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі азық-түлік нарығындағы дезинфляциялық процестермен ішінара теңестірілді.

Азық-түлік инфляциясы баяулауды жалғастырды және 2021 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 9,3 пайыз (2021 жылғы сәуірде 9,8 пайыз) болды. Оның ағымдағы баяулауы 2020 жылғы инфляцияның жоғары базасын есептеуден шығуға байланысты болды. Бұл ретте жекелеген тауар нарықтарында бағаның өсу үрдісі сақталуда. Қосымша проинфляциялық қысым 12 ай бойы жалғасып келе жатқан азық-түліктің әлемдік бағасының өсуіне әсер етеді. 2021 жылғы мамырда ФАО азық-түлік бағалары индексінің күрт ұлғаюы орын алды, яғни мәні 127,1 тармақты құрады (39,7 пайыз-ға өсу, ж/ж), бұл ет және сүт өнімдері бағасының қалыпты өсуі кезінде өсімдік майларына, қантқа және астыққа бағалардың күрт өзгеруіне байланысты.

Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын құрамдас бөлігі ЖЖМ, киім-кешек пен аяқ киім бағасының өсуі нәтижесінде 2021 жылғы мамырда 6,7 пайызға (2021 жылғы сәуірде 6,4 пайыз-ға) дейін жеделдеді. ЖЖМ қымбаттауы өндірушілер бағасының өсуіне, экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне және 2020 жылы акциздер мөлшерлемесін өзгертудің кейінге қалдырылған әсеріне байланысты болды.

2021 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 5,1 пайыз (2021 жылғы сәуірде 4,1 пайыз) болды. Коммуналдық қызметтерге (электр энергиясы, қоқыс шығару) және жолаушылар көлігі қызметтеріне бағаның өсуі байқалады. Сонымен қатар, 2021 жылғы сәуір-мамырда карантиндік шектеулерді жеңілдету және халықты жаппай вакцинациялау жағдайларында сұраныстың артуы аясындағы жекелеген реттелмейтін қызметтерге бағаның өсуі байқалады.

Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі инфляциялық процестердің серпінін бақылауды сақтауға және орташа мерзімді кезеңде жылдық инфляцияның біртіндеп төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инфляцияның баяулауына қарай монетарлық талаптар орта мерзімді перспективада бейтарап мәндерге жуық болады.

Базалық мөлшерлеме жөніндегі кейінгі шешімдер нақты инфляцияның нысаналы бағдарларына, инфляциялық күтулер серпініне, сұранысты қалпына келтіру қарқынына, сондай-ақ сыртқы және ішкі нарықтардағы инфляциялық тәуекелдер теңгеріміне сәйкестігін ескере отырып қабылданады. Инфляциялық факторлар тарапынан тәуекелдер жүзеге асырылу және дезинфляцияның болжамды бағалаулармен салыстырғанда барынша баяу серпіні жағдайында Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын күшейту туралы шешім жасайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02