Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері баяндалды

Сайт әкімшілігі

08.12.2021, 11:20

931

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны — 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы — ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы, халықтың 33,97 пайызы — 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы — 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі — 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Тегтер: демография статистика ана-бала

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48