«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалі өтеді

31.05.2019, 22:53

5

7-8 маусымкүндері Алматы қаласындағы «Боралдай» сақ қорғандарында «Ұлы дала –көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. 

Шараныңбасты мақсаты – қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарғакөшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету. Биылғыфестивальдің айырмашылығы, алыптар арасында күш сынасу сайысы өтеді. Гиннестіңрекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың тобы алыптар шоуын ұсынады. Ал көрермендерарасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарды әзірлеу жәнеқолөнер бойынша шеберлік сабақтары өтеді.

Фестивальге Мажарстан,Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы, ТаулыАлтай,  Өзбекстан, Якутия, Бурятия, СахаРеспубликасы және Қырғызстан сынды 18 елден жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар қатысады.

«Ұлыдала –көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалі бір уақта бірнеше бағыт бойыншаөтеді. Қорған аумағы бірнеше аймаққа бөлініп, келушілерге жан-жақты қызметкөрсетеді.

· 40 киіз үй,абылайша қостар тігіліп, алтыбақандар құрылады;

· 18мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар қатысады;

· Этно ауылда:Түйе бау, бие бау;

· Ат ойындары:Бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, асау үйретушілер;

· Алыптардыңшоу бағдарламалары және ұтыс ойындары;

· Шеберлер менұсталардың қолөнері, ұтыс ойындары;

· Жастар менбалалар аймағында аттракциондар, ұлттық ойындар мен сайыстар;

· Құсбегілермен саятшылар аймағы: Бүркіт, тазы салу;

· Көшпенділердің ұмыт қалған таңсық тағамдары, т.б.

Фестиваль 7-8 маусым күндері таңғы сағат 10.00-19.00аралығында өтеді.

Өтетін орны:Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» сақ қорғандары. 

Сонымен қатар, тұрғындарды фестиваль аймағына жеткізу жағықарастырылған. 

1. Абай даңғылы — Байтұрсынұлы көш. қиылысы (Сәтбаев пенАбай көшелерінің ортасында);

2. Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры

(Шаляпин к-сі, 22, театр алдында);

3. «Алатау» дәстүрлі-өнер театры (Нұркент шағын ауд., 6театр алдында);

4. «Алматы — 1» теміржол вокзалы(Автобустар аялдамасынан) әр 30 минутсайын арнайы автобустар жүреді (жол ақысы 100 теңге).

Фестивальге кіру тегін.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34