Ұлыбританиядағы мұғалімдер көше сыпырмайды

01.09.2019, 08:00

50

Сонымен, мектеп, асығыпмектепкебалатасу, айғайлатыпүйтапсырмасынорындату, түсінугеқиыноқулықтыбоқтау, бірауызданмектепқорынаақшажинаусекілдіқып-қызылнауқанбасталды. Егерғайыптантайып, қазақмектептеріағылшынмектебінеайналыпкетсенеістередік?

Ұлыбритания мектептерінің бірінде баласын оқытып жатқан Даремуниверситетінің PhD студенті Гүлжан КӘРІБАЙ бізге британ қоғамындағы мұғалімніңорны, білім беру мен мектеп жүйесі туралы әңгімелеп берді.

Британ мұғалімдері туралы

Ұлыбританияда мұғалімдер мен дәрігерлер ең жоғары жалақыалады. Мәселен, мектеп мұғалімдері жылына 30 мың фунт стерллингке дейін табыстабады. Ал университеттегі профессорлар жылына 50-70 мың фунт стерллингарасында айлық алады. Осының өзі Ұлыбританияда мұғалім аса құрметті мамандықекенін айқындап тұр.

Ұлыбританияда мектепке мұғалім болып орналасу үшінуниверситет бітіру жеткіліксіз. Педагогикалық мамандықты меңгеріп шыққан жастармұғалім болғысы келсе арнайы емтихандар тапсырады, біліктілігін арттыратынкурстарға қатысады. Білім-білікті жинап, емтихандардың бәрін тапсырған соң ғанабалалармен жұмыс істей алады. Бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімнің жанындаекі ассистент жүреді, олар балалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Мұнда мұғалімдерді сенбілікке шығару, іс-шараларғамәжбүрлеп қатыстыру деген мүлде жоқ. Олар «сенбілік» деген сөздің не екенін детүсінбейді. Көше тазалағаны үшін айлық алатын арнайы жұмысшылар бар.

Ұлыбританиядағы мектепке қабылдау

Ұлым Ибрагим бес жастан бастап Ұлыбританиядағы мектепте оқиды.Қазір алтыншы сыныпқа өтті. Ұлыбританияда балаңды қалаған мектепте оқыта аласың.Қазақстандағыдай «тұрғылықты жеріңдегі мектепке ғана барасың» деп бір мектепкетәуелді етіп қоймайды.  Оның үстіне «балаңныңқұжаттарын әкел, балаң тест тапсырсын» деп ешкім әуре-сарсаңға салмайды.

Ұлыбританияға оқуға кететінімізді білгенде, Қазақстандаотырып-ақ балаға мектеп таңдай бастадық. Баланы мектепке әкімдік орналастырады.Сондықтан алдымен әкімдік сайтындағы онлайн өтінішті толтырып, қалаған 10мектепті белгілейсің. Алғашқы көрсеткен мектепте орын болса, әкімдік дереу солмектепке орналастырады. Онда орын болмай қалса, тізімдегі екінші мектептен орыніздейді. Бірақ бізге бірден бірінші таңдаған мектептен орын тауып берді. Көп ұзамайсол мектеп әкімшілігі бізді қабылдағанын растап, поштаға хат жіберді.

Ұлыбританиядағы мектептер туралы

Ұлыбританияда мектепке төрт жастан бастап қабылдайды. Төртжастағы бала әуелі reception, бізше айтқанда, мектепке дейінгі дайындықсыныбына барады. Бір жылдан кейін бірінші сыныпқа өтеді. Ұлыбританияда мектепкедейінгі дайындық сыныбынан бастап, алтыншы сыныпқа дейінгі оқу бастауыш білімберу болып есептеледі. Нөлінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейінгі балалардыңмектеп ғимараты бөлек болады. Кейін орта білім беретін сыныпқа өткенде, басқамектепке ауысады. Ұлыбританияда алтыншы сыныптан он екінші сыныпқа дейінгі оқуорта білім беру жүйесіне жатады.

Қазақстанда мектепке дейінгі дайындық сыныбында күнінеекі-үш сағат қана оқиды. Бұл жұмыс істейтін ата-аналар үшін ыңғайсыз. Ал Ұлыбританиядамектепке дейінгі дайындық сыныбы ғана емес, барлық сынып таңғы сағат тоғыздан күндізгіүш жарымға дейін оқиды. Мұнда жұмыс уақыты әдетте кешкі сағат бес-бес жарымдабітеді. Егер ата-ана  баласын жұмыстанкейін алып кетемін десе, мектепте after school club, яғни сабақтан кейін алып қалыпоқытатын, сурет салдыртатын  үйірмелербар.  Баласын үш жарымнан бес жарымғадейін мектепте қалдырғысы келетін ата-ана күніне 10 фунт (шамамен 4900 теңге) төлейді.Осыны есепке алмағанда, былайша мектепте білім алу тегін. Мектепке дейінгідайындық, бірінші және екінші сыныптарға түскі тамақ тегін беріледі. Жалпы, оқушыларғақай сыныпқа дейін тамақ беруді әр өңір өзі шешетін сияқты. Мәселен, ұлым екіншісыныпқа дейін Англияның солтүстік-шығысындағы Дарем қаласында оқыды. Ол аймақтыңэкономикалық жағдайы төмен болған соң, жергілікті билік ата-аналарға қолдау көрсетіп, үшінші сыныпқа дейін тегін тамақ берілетін.

 Мектепте берілетінтамақ баланың өсуіне қажетті минералдар мен дәрумендерге толы. Мәселен,аптасына бір күн балық, бір күн сиыр еті, бір күн қой еті, қалған күндері тауықетінен дайындалған тамақ беріледі. Жеміс-жидек пен сүт өнімдерін міндетті түрдеқосып береді.

Жекеменшік мектепті шенеуніктің қалтасы көтермейді

Ұлыбританиядағы мектептер мемлекеттік және жекеменшікболып екіге бөлінеді. Жекеменшік мектептер өте қымбат. Біздің баламыз Англияныңоңтүстігіндегі Уокинг қаласындағы мемлекеттік мектептердің бірінде оқиды. Естуімше,мемлекеттік мектептегі білім беру жекеменшік мектептен асып түседі. Неге десеңіз,халықтың 80-90 пайызы баласын мемлекеттік мектепке береді. Кейін мемлекеттегі жұмысорнын осы мектептен шыққан балалар толтырады. Сол себепті оларды жақсы оқытады.Ал жекеменшік мектепте көбіне-көп кәсіпкерлердің, халықаралық компания қызметкерлері,дипломаттар мен элиталық кластың балалары оқиды. Мұнай-газ саласында жұмысістейтін таныстарымның бірі баласын айына мың жарым фунт төлеп, жекеменшікмектепте оқытты.

 Ұлыбританиядамемлекеттік шенеуніктер аз айлық алады. Сондықтан жекеменшік мектепті олардың қалтасыкөтермейді. Жақында Лондонда мемлекеттік қызметтегі шенеунік аз айлық алатындықтан,жұмыстан шығып кетіпті. BBC бастаған жергілікті ақпарат құралдары осы оқиғатуралы жазып шулатты. Сөйтсе, Лондонға сырттағы елді мекеннен қатынап істейтіншенеуніктің айлығы метро мен пойыздан артылмапты. Қоғамдық көлікпен жүруге жалақысыжетпегендіктен, әлгі шенеунік жұмыстан шығып кеткен.

Мектептегі оқыту жүйесі

 Ұлыбританияда Қазақстанмектептеріндегідей бір партаға екі бала отырмайды. Ұлыбританиядағы оқыту жүйесітимбилдинг, яғни топпен бірігіп жұмыс істеуге негізделеді. Сыныпта бірнеше үлкенүстел тұрады. Сөйтіп, бір үстелге 8-9 баладан жайғасады.  Әрі балаларды әр сабақта оқу үлгеріміне қарайсол үстелдерге бөліп тастайды. Мәселен, төртбұрышты үстелде үлгерімі орташабала отырады, үшбұрыш үстелге үздіктерді отырғызады. Бала тапсырманы жақсыорындап, үздіктер қатарынан көрінсе, үшбұрыш үстелге ауысады.

Сыныпта бала біздегідей екі қолын партаға қойып, мұғалімніңрұқсатымен ғана тұрып, қозғалмай отыру деген жоқ. Сабақтар у-шу, талқылау,пікірталаспен өтеді, бала өзін емін-еркін ұстайды. Мұғалімнің сөйлейтін арнайыуақыты болады. Сол уақытта балалар тыныштық сақтап, мұғалімін тыңдайды. Тағыбір қызығы, бөлме еденіне кілем төселген, сабақта қандай да бір кітапты талқылағанкезде мұғалім еденге отырса, балалар оны айнала қоршап отырады.

Ұлыбритания мектептерінде бастауыш сыныптан бастап сыниойлау жүйесін, яғни әр нәрсеге сын көзбен қарауды үйретеді. Қазақстанда бұл мүлдежоқ. Сондықтан Батысқа оқуға келетін оқушылар мен студенттер сыни ойлау жүйесіненқиналып жатады. Өйткені Қазақстан мектептерінде кез келген ғалым, жазушы,зерттеушінің айтқанына имандай сеніп, шек келтірмей толық қабылдауың керек. Ал Ұлыбританиямектебінде Нобель сыйлығын алып, жүз жерден ұлы ғалым, профессор болып тұрса да,оның зерттеуіне, пайымдауына күмәнмен қарап, сын тезінен өткізуді үйретеді. Солсебепті балам қандай да бір нәрсені қабылдамас бұрын, көп сұрақ қояды. Бір ғанамысал, ұлым үшінші сынып оқып жүргенде Норвегияға сапарлап бардық. Сол елдегі музейлердіңбіріне барғанымызда, «Норвегиядағы ең үздік музей» деген жазуға көзіміз түсті.Күйеуім екеуміз оны оқыдық та, «осындағы ең үздік музейге келіппіз» дедік те қойдық.Балам болса «бұл музейді неліктен ең үздік деп жазды?», «оған мұндай мәртебенікім берді?» «не үшін берді: бұл музейдің коллекциясы мықты ма, әлде басқамузейлерден бұрын ашылған ба?», «бұл музейдің қатар тұрған басқа екі музейденне артықшылығы бар?» деп көп сұрақ қойды. Осы мысалдан-ақ Ұлыбританияның оқытужүйесінің артықшылығына көз жеткізесің.

Үй жұмысын көп бермейді

Ұлыбритания мектептері үй жұмысын көп тапсырмайды.Мысалы, мектепке дейінгі дайындық сыныбына барған баланы қинамайды, бүкіл сабақтымектепте оқытып, үйге аптасына бір рет қана тапсырма береді. Оның өзін бала онбес минутта орындап тастайды. Бастауыш сыныпта да көп тапсырма берілмейді.Мысалы, ұлым бесінші сынып оқып жүргенде, аптасына екі-үш рет қана үйтапсырмасы берілетін. Математикадан аптасына бір тапсырма берілсе, оны 15-20минутта орындайды. Сол сияқты грамматикадан, оқу пәнінен аптасына бір рет қанатапсырма алады. Баланы үй жұмысымен қинамайтындықтан, оқушылар мектепке жақсы көңілкүймен барады. Өзім Қазақстанда гимназияда оқығанда үй жұмысын түн батқаншаорындайтынмын. Сөйтіп, бастапқыда балама үй жұмысын неге бермейді деп, өзімтапсырма беріп, баланы қинайтынмын. Бір күні мұнымды мұғаліміне айтқанда, ол:«Енді бұлай жасамаңыз, өйткені бала күні бойы мектепте оқиды, үйге барған соңмиы тынығуы керек. Асып кетсе бір кітап беріп, бірге оқып талқылауыңызға ғанаболады. Болмаса демалыс күндері математиканың тапсырмасынорындауға болады. Олар тапсырманы онсыз да мектепте орындайды», – деп түсіндірді.

   Меніңше, Қазақстандабалалар мектепке кеш барады. Батыс елдерінің бәрінде төрт жастан, Үндістанда үшжастан мектепке барады. Яғни ғылым-білімі дамыған елдер баланың оқуды төртжастан алып кете алатынын көрсетіп отыр.

Балаға баға қоймайды

Ұлыбританияда мектеп күнделігі деген атымен жоқ. Елге барғандаұлымнан «беспен оқисың ба?» деп жиі сұрайды. Ұлым «беспен» оқу» деген не екенінтүсінбейді. Өйткені бұл жерде күнделікті баға қойып, «сен «төртке», сен«беске»оқисың» деу баланы кемсіту болып саналады. Ұлыбритания мектептерінде бағалаупарағы болады, оны мұғалім тек ата-анаға көрсетеді. Бағалау парағында балаға ешқандайбаға қойылмайды. Онда бар болғаны «балаңыздың үлгерімі өз жасына сәйкес», «өзжасынан төмен» немесе «өз жасынан жоғары» деп қана көрсетеді. Сөйтіп, өзжасынан төмен болса сарыға, жоғары болса жасылға бояп қояды. Мектептематематика, эссе жазу, оқу пәндері мен ғылым пәні бағалау парағына енгізілген.Кітап оқу пәнінде баланың сол кітапты қаншалықты түсінгені, материалды қалай қорытаалғаны бағаланады. Ал физика, химия, биология, география ғылым пәні ретіндебастауыштан бастап оқытылады. Бұдан бөлек, бағалау парағына сурет салу,компьютер, денешынықтыру пәндері енгізілген.

Бағалау парағын балаға көрсету-көрсетпеуді ата-ананың өзішешеді.

Кей сыныптарда мемлекеттік емтихан тапсырылады. Мәселен,балам екінші сынып бітіргенде мемлекеттік емтихан тапсырды. Алтыншы сыныптанкейін, яғни бастауышты бітіргенде тапсыратын емтиханы тағы бар. Осыемтихандардың бағасы баланың білім деңгейін анықтап, аттестатқа түседі. Ал күнделіктісабаққа баға қойып, баға қорытып, жыл аяғында мақтау қағазын беру деген мүлдежоқ.


Мектептегі тәртіп туралы

 Мектепке кіреберістеKeep your hands with you, яғни «Өз қолыңа ие бол, ешкімге қол тигізбе» депжазылып тұр. Мектеп балалары бір-бірін ұру түгіл, былапыт, жаман сөз айтуғаболмайды. Оқушының былапыт сөз айтқанын естісе, жиналысқа салып ескертужасайды. Екінші ескертуден кейін жаман әдетін тыймаса, мектептен шығарыпжібереді. Ал төбелес шығарса, бірден мектептен қуылады.

 Балалар бір-бірінеқол тигізбейтін елде мұғалім дауыс көтеріп ұрыспайды. Ұстаздар балаларға ұрысуғаболады дегенді мүлде елестете алмайды.

Қазақстанда балабақшаға барып, ойын баласы болып жүрген ұлымҰлыбританияда бірден бастауыш мектепке барғанда, «мен өрмекші адаммын» деп, басқабалалармен алысып ойнағысы келген. Бір күні мұғалімі жиналысқа шақырды. «Балаңызжақсы, бірақ кейде «өрмекші адаммын» деп балалармен жұлысып ойнағысы келеді.Бізде олай ойнауға болмайды» деп ескерту жасады. Ұлыбританияға шетелден келіп оқыпжүрген оқушылар көбіне-көп оқу үлгерімі жағынан емес, тәртібі ақсап жататындықтанмектептен қуылады.

Сабақтан себепсіз қалсаң, айыппұл төлейсің

Мектеп баланың сабаққа күнделікті қатысуына қатты мәнбереді. Сабақтан себепсіз қалуға болмайды. Бала мектепке себепсізден-себепсізбармай қалса, ата-анасына айыппұл салынады. Ал ауырып бара алмай қалған баланыңата-анасын олай жазаламайды.

Мұнда оқу әдетте 4-5 қыркүйекте басталып, 22-23 шілдедебітеді. Бірақ жыл сайын оқу бітетін уақыт бір-екі күнге өзгеріп тұрады. Алдыңғыжылы күйеуім, балам үшеуміз оқу біте салысымен Қазақстанға қайтпақ болып билеталдық. Билетті алғанда оқу былтырғыдай 23 шілдеде бітеді деп есептедік. Бірақмектеп одан бір-екі күн кеш бітетін болып шықты. Мектеп директорына жолығып,  «билет алып қойып едік, қайтуымыз керек» дептүсіндірдік, өтініш те жаздық. Бірақ директор «ол өз проблемаларың, бала сабаққакелуі керек» деп шығарып салды. Бірақ Қазақстанға қайтуға тура келді. Қыркүйектемектеп басталғанда күйеуім екеуміздің әрқайсымызға поштамен 60 фунт стерллинг(29 500 теңге) айыппұл келді. Айыппұлды уақтылы төлемесең, өсе береді.

Бағалау парағында «баланың сабаққа қатысуы» даескеріледі. Егер оқушы сабақтың 70 пайызына ғана қатысса, мектептен шығарылады.Әрине, ауырып қалып, дәрігер анықтамасын көрсетсе, мектептен қуылмайды.

Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы

Ата-ана мектептен баласын әкетуге барған кезде мұғалімненоқу үлгерімі жайлы ақпаратты ауызша сұрауына болады. Дей тұрғанмен оқу үлгерімітуралы толық ақпарат ана-аналар жиналысында беріледі. Бұл жерде бүкіл ата-ананыбір кабинетке жинап алып, олар бір мұғалімнің аузына қарап жиналыс өткізу дегенжоқ. Жиналыс әр ата-анаға бөлек өтеді. Әр ата-анаға 15-20 минуттан уақыт бөлінеді.Ол үшін ата-аналар тізіміне өзіне ыңғайлы уақытты жазып кету керек. Жиналысқатек ата-ана мен мұғалім қатысады. Бір баланың ата-анасы басқа баланың үлгерімітуралы ақпаратты біле алмайды. Өйткені ол құпия, қорғалатын жеке мәлімет болыпесептеледі. Тіпті басқа ата-анадан «сенің балаңның оқу үлгерімі қалай?» деп сұрауэтикаға қайшы.

Балам алтыншы сыныпқа өткеніне қарамастан, бес жыл бойы мұғалімініңжеке телефонын білген емеспін. Өйткені мұғалімнің телефонын сұрап, оғанхабарласуға болмайды. Егер балаң ауырып қалып, мектепке бара алмайтын болса, мұғалімінехабарласып жағдайды түсіндірмейсің. Себебі мұғалім тек бала оқытуменайналысады. Ал қалған мәселелерді мектеп әкімшілігі шешеді. Сондықтан қандай дабір жағдай болса, мектептегі ресепшнге хабарласып ескертуің керек. 

Мұндағы ата-аналар WhatsApp-тан ортақ чат ашуы дегенді детүсінбейді. Басқа ата-аналармен мектептен баланы әкетуге барғанда ғана қысқа сөйлесеміз.Қай баланың ата-анасы кім екенін білеміз, ал чат ашып алып, сыныптағы мәселелердіталқылау деген атымен жоқ. Өйткені, меніңше, ондай чат ашуға деген қажеттілікжоқ.

Шоколадтан қымбат сыйлық берілмейді

Ұлыбритания мектептерінде ата-аналардан ақша жинамайды. Ақшажинау қылмыс болып есептеледі. Мұғалімге қымбат сыйлық жасауға да болмайды.Жылына екі мәрте шоколад тартуға болады. Оның өзінде беру-бермеуді өзің шешесің.Британдықтар ерекше жақсы көретін Рождество мейрамында мұғалімге шоколад беругерұқсат етіледі. Ал одан қымбат сыйлық пара болып есептеледі.

Тағы бір қызығы, Ұлыбритания мектептерінде сыныпқажетекшілік ететін мұғалім жыл сайын ауысып тұрады. Сондықтан оқу жылы аяқталғандамұғалімге ризашылығыңды айтып, алғыс білдіргің келсе, шоколад пен бір шоқ гүлтартуға болады.

Баланы сенбілікке, қандай да бір іс-шараларға қатыстырмайды.Мұнда баланы мектептен сырт жерге танымдық мақсатта ғана алып шығуға рұқсатетіледі. Мысалы, ғылым сабағынан балықтарды өтетін болса, мектеп балаларға балықтыкөзбен көрсету үшін аквариумға апаруы мүмкін. Арасында музейлерге апарып тұрады.Ондай кезде мектеп автобус жалдайтындықтан, ата-аналардан жолақыға ақшажинайды. Бірақ оның өзі қымбат емес. Егер ата-ана баласын ондай саяхатқажібермеймін десе, ақша қоспайды.

Британдық білім беру жүйесіне әбден еті үйренген баланы Қазақстанғақайтқан соң қайда оқытамыз деген мәселе бізге мұң болып тұр. Өйткенібаламыз  енді екі қолын партаға қойып, қозғалмайотыратын Қазақстандағы орта мектептерде оқи алмайды. Интернетті арлы-берлі ақтарып,  Батыстың оқу жүйесіне лайықталған жекеменшікмектептерді іздеп көрдік. Бағасы удай. Жылына 80 мың, 40 мың доллар сұрап отырғанмектептер бар. Ең кемінде ақысы 4 миллион теңгеден асып жығылады. Қызығы, қымбатбола тұра, мектеп толы, баланы тек конкурспен қабылдайды. Сонда мұндай мектептебала оқыту үшін қанша айлық табуың керек? Англияда мұндай сомаға жекеменшікмектеп түгіл, университетте оқуға болады.


                                                                          

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52