Ұмтылмайтын соғыс

07.05.2020, 12:53

6


Қуанышбек Сыздықов Қызылорда қаласында дүниеге келген.Облыс орталығында Бірінші май атындағы орта мектепте  білім алған.
1979 жылы  17 сәуірде Кеңес әскеріқатарына шақырылып, азаматтық борышын Венгрия Халық Республикасының Папақаласындағы  №20623 әскерибөлімшенің  мотоатқыштар полкіндеөтеген.  Сол  жылы желтоқсан айында Ауғанстандағы соғысқаКеңес әскерінің кіргізілуіне байланысты Венгриядан Ауғанстанға аттанады. Содан1981 жылы 7 шілдеде елге оралады.
1981 жылы тамыз айында Алматы милиция мектебінің күндізгі бөліміне оқуға түскенол оқу орнын бітірген соң Қармақшы ауданында Жаңақала, Қуаңдария, Майлыөзексовхоздарында учаскелік инспектор қызметін атқарды. Ал 1989-1997 жылдараралығында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінде,  облыстық ішкі істер басқармасында  түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 1997 жылыденсаулығына байланысты  ішкі істерсаласынан милиция майоры шенінде зейнеткерлікке шықты.
1997 жылдан бері облыстық төтенше жағдайлар басқармасында бас маман болып,«Семсер секьюрити» күзет компаниясында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігіинженері болды. Қазіргі таңда сыр елін таза ауыз сумен қамтамасыз ететін«Аквалайн» компаниясында ішкі бақылау бөлімі басшысы болып қызмет атқарады.
Бүгін интернационалист жуынгер, бүгінгі ел азаматы Қуанышбек Сыздықовтыңестелігі мен өлеңіін жариялап отырмыз.

          Ауғанстанда біздің №39676 әскери бөлімшенің№191 мотоатқыштар полкі 1980 жылдың бас жағында Джаркудук, Нахрин, Полихумри,кейінрек Гавни провинциясында тұрақты қалды. Нахрин провинциясында тұрғандабіздің 2-мотоатқыштар ротасына тауда Кеңес одағымен байланыстырып тұрған стратегиялықмаңызы бар асудағы жолды күзету тапсырылды. Өйткені ол жермен жауынгерлерөтетін еді. Солардың қауіпсіздігін күзеттік.

1980 жылы наурызайының 19 күні сағат түнгі төрт шамасында қасымдағы жауынгер, башқұрт жігіті ИльдарИргашев екеуміз асудың ортаңғы тұсын күзетіп тұрдық. Толассыз жауған жаңбырғажәне қою тұманға қарамастан, қырағылықтың арқасында бізге қарай жасырын жаржағалап келе жатқан дұшпанды байқап қалдық. Дем де  оқ боратып, тырп еткізбей қолға түсірдік.Олардан Кеңес одағы 1941-45 жылдары соғыста пайдаланған автомат пен арқалапалған екі  қапшық танкіге қарсы ататын  минаны тәркіледік. Душмандардың мақсаты жолдыминалап кету болған. Осы ерлігімізге полк басшылығы алғыс айтып, ауылдағыата-анамызға мадақтап хат жолдады. Ол кезде орден-медалға ұсыну қиын еді. Поштақызметінің енді ғана қалыптасуына байланысты үйіміз бізден төрт ай хат-хабарала алмай, олар Ауғанстанда жүргенімізді бірінші рот осы хат арқылы білді.

1980 жылы 28 шілдекүні полк барлаушыларынан түскен мәлімет бойынша белгілі бір аймақта сырттанжасырын түскен диверсиялық топ бары анықталды. Олардың көзін жою операциясыныңжүріп жатқанына төртінші күн болатын. Біздің рота бірінші болып жау соңына түстік.Тауға көтеріліп келе жатқанымызға төрт сағаттай болған. 14 адамнан тұратындиверсиялық топ біздің ротаны байқап, өздерінің ішінен төрт адамды ротағатойтарыс беруге қалдырып, қалғандары ізін суыту үшін өрлеп кете берген. Қалғанүшеуі Калашников автоматымен, ал төртіншісі РПД пулеметімен қаруланған екен.Біздің рота әлгі төрт дұшпан жасырынып жатқан жерге жақындай түскенде, оларкүтпеген жерден оқ жаудырды. Біз үшін қиын шайқас басталып кетті. Олар таудыңжоғарғы жағында өздеріне ыңғайлы етіп тастан қалап алған бекіністе болатын. Албіздер жыраның төменгі жағында, оларға анық көрінетін ашық жерде соғысуға  ыңғайсыз жерде қалып қойдық. Осындай қиынсәтте жол тауып, менің гранометімнен атылған гранаталар жаудың бекінісінебағытталып, олардың бас көтеруіне мұрша бермеді. Осы сәтті пайдаланып,  украиндық жауынгер Ткаченко Игорь жаудыңбекінісін айналып өтіп, үстіңгі жағынан келіп, өзінің сегіз дана Ф-1 қолгранатасын бірінен кейін бірін тастап, жаудың көзін жойды.

Осы шайқастакөрсеткен ерліктеріміз үшін бөлімше командирі Игорь Ткаченко «Қызыл жұлдыз»орденіне, мен  «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылдық.

Бір сағаттай уақытқа созылған осы шайқаста біздің бесжауынгер қаза тауып, бесеуі ауыр жараланды. Қаза тапқандар:

1. М. Мельников – прапорщик,4-ші пулеметшілер взводының командирі

2. А.Белан – сержант,бөлімше командирі (Белорусия)

3. С.Бас – кішісержант,  бөлімше командирі (Молдавия)

4. К.Мамедов – сержант,бөлімше командирі (Әзірбайжан)

5. М. Кулиев – қатардағыжауынгер,  гранометші (Әзірбайжан)

Жараланғандар:

1. С. Евдокимов – ағалейтенант, рота командирі, (Қазақстан)

2. Е. Нұрпейісов – қатардағыжауынгер,  пулеметші (Қазақстан)

3. К.Джушанло – сержант,рота дәрігері (Қырғызстан)

4. И.Шарипов – қатардағыжауынгер, пулеметші  (Тәжікстан)

5. Э. Момынов – қатардағыжауынгер, пулеметші  (Өзбекстан)

Осыдан кейін басқа да операцияларда менің іс-әрекетімненұрыс алаңдарында әскери шеберлік, төзімділік, қайсарлықты байқап рота басшылығымаған қарамағымда болатын жеті жауынгердің өміріне жауаптысың деп, кіші сержантдәрежесін беріп, бөлімше командирі етіп тағайындады. Маған тапсырылған сенімді соғыстаболған 1,5 жыл ішінде естен шығарған емеспін.

1981 жылдың 14 маусымында1-ші батальон құрамында соңғы рет(елге қайтатын мезгіл таяған) Газин провинциясына шығып, екі күндік жердегіБараки провинциясының таулы аймақтарында шоғырланған дұшпандар базасын талқандауүшін операцияға шықтық. Осы жол аралықта жүріп келе жатқан батальон құрамындағыколлонадан 9 техника  минаға жарылды.Оның ішінде алтауы Т-62 танктері, біреуі Урал автокөлігі, біреуі Газ-66автокөлігі, ең соңғысы 529-шы менің БТР-ім. Мен БТР-дің алдыңғы оң жағындаүстінде отырдым, бір мина БТР-дің сол жақ артқы 3-ші және 4-ші дөңгелегін жұлыпкетіп, мина жарықшақтары БТР-дің артқы люк үстінде отырған екі өзбек жігітінетиді. Мен жеңіл жараландым. Жарылыс екпінімен орнымнан ұшып, бір айналып люкарқылы ішке басыммен құлап, есімнен танып қалдым.

Алдағы БТР-дағы қармақшылық жерлесім Аймағамбет  Сарөзенов екі-үш жауынгерімен келіп, меніаяғымнан тартып, сыртқа шығарып алған екен. Есімді жиып, аман екенімді білгендежүрегім алқымымнан шығып кете жаздады. Экипаждың қалған мүшелері аман қалды.Басқа минаға жарылған сегіз техникадан адам шығыны болған жоқ. Осы операцияны1981 жылдың 6-шы шілдесінде аяқтап, Газниге полкке оралдық. Ертеңіне Отаналдындағы азаматтық борышымызды аяқтап елге жол тарттық.

Ауған соғысы туралыжыр


Тыңда халқым жыретейін,

Сұрапыл ауғансоғысын.

Күнделігін солжылдардың,

Парақтайынбеттерін.

Жетпіс тоғыздыңсәуірінде

Соғысқа бізаттандық.

Азаматтық борышты,

Венгрияда атқардық.

Мадиярлардыңқаласында,

Мотоатқыштарполкінде.

Әскери қызмет өтіпжатты,

Бейбітшілік өмірде.

Ай артынан айларжылжып,

Сегіз ай өттізымырап.

Антқа берік сарбазболдық,

Қайсар өңдішымыр-ақ.

Жер бетінде еламанда,

Бейбітшілікзаманда.

Алаулаған соғс оты

Тұтанып кеттіауғанда.

Жетпіс тоғыздыңжелтоқсаны

Соғыс хабарынжеткізді.

Төбемізден жайтүскендей,

Сезімде болдық солкүні.

Бір түнде біздабылданып,

Сап түзедікбәріміз.

Қару-жарақ азықалып,

Жолға шықтықтобымыз.

Венгрияда қалғандоспен,

Қимай-қимайқоштастық.

Таңсәріде көштүзедік,

Оңтүстікті беткеалдық.

Ұшақ отырып, поездмініп,

Термез келдікартынып.

Күтіп алғанкөліктрмен

Шаһар асыптоқтадық.

Союз жақтан келіп жеткен,

Әскери техникамен жарақталып.

Түнделетіп Ауған шекарасын,

Қиып өттік жасырын.

Небір тау-тас, шатқалдарды

Артқа тастап келеміз.

Әрбір үңгір жартастарды,

Қауіпті деп білеміз.

Көш бастаған алғы танкі,

Кенеттен минаға жарылды.

Осы жерде біз күтпеген,

Жау жағадан табылды.

Мұнымен қоймай дәл көздеген,

Граната оғы жарөылдап,

Колоннаның соңғы танкісі,

Жалын құшты отқа орап.

Командирдің қатқыл дауысы,

Рациядан естілді.

Сол танкінің экипажын

Құтқаруды тапсырды.

Осы кезде оқ борады,

Биік асу шыңдардан.

Досқа көмек бермек түгіл,

Аман қалу болды арман.

Нағыз шайқас өмір үшін,

Қантөгісті құраған.

Дұшпан тастаған гранатадан

Ажал құшты бір адам.

Экипажды құтқарам деп,

Барған досым оққа ұшты.

Жылдам жолды тазартуға,

Бірінші взвод ұмтылды.

Кептелістен шыға аламай,

Кәріп болдық қапаста.

Қанды көзді дұшпан оғынан,

Ажал құшты тағыда.

Әрбір минут қымбат еді,

Мұнан шығар жол қайсы?

Осы кезде тікұшақтар

Көктен самғап көрінді.

Көргесін біз тікұшақты,

Жігерленіп күш алдық.

Жаралылар қиналып-ақ

Қол бұлғасты қуанып.

Тікұшақтар жақын келіп,

Ажал отын жаудырды.

Өмір үшін, достар үшін,

Жаңа шайқас басталды.

Соққы үстіне соққы беріп,

Жаудың бетін қайтардық.

Құты қашып дұшпандардың

Біз өжеттеу байқалдық.

Осылайша қанды шайқас,

Аяқталды шығынмен.

Қаза тапт жан достарым,

Нағыз ерлік ғұмырмен.

Кім үшін өлді, не үшін өлді,

Небәрі он тоғыз жасында?

Еліне қалай естіртемін деп

Күңірендіофицер мырзада.

Ауған соғысы осылайша,

Он жылға жуық созылған.

Сол соғыста қасіретті

Құрбан болды көп адам.

Көпшілігі жараланып,

аяқ қолдан айырылды.

Қанша ата-ана перзенті өліп,

Қанаттары қайырылды.

Сол соңыстан келгендердің

Денсаулығы шамалы.

Ауған жерін қорғағанның

Көңілдері жаралы.

Қуанышбек Сыздықов

Ауған соңысы ардагері

191-полк

1-батальон

2-ші рота 3отд

1979-1981 жж көктемі

Қуанышбек СЫЗДЫҚОВ,

 Ауған соғысының ардагері

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34