Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі

Бифат ЕЛТАЕВА

26.05.2022, 14:20

1075

Ата-бабамыз ежелден пайдалы, құнарлы тағамдарды дайындаудың ерекше тәсілдерін жақсы білген. Бірақ өкінішке қарай, ұлттық тағамдарымыздың көбі ұмыт қалып барады. Әрі өз елімізде, өз деңгейінде ұлықталмай келеді. Осы орайда, ұлттық тағамдарымызды ұлықтап, дәріптеп жүрген Разия ападан пайдалы тамақтардың мәзірін жазып алған едік.

Ірімшік дайындау

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі –  ірімшік. Соңғы кезде ірімшікті оңай жолмен дайындау белең алып барады. Әрине, оңай дайындалғанымен, дәмі онша тіл үйірмейді. Сүтті отқа қойып, көтеріліп келе жатқанда бір тостақ айран құйып жіберіп, ұзақ қайнатып, түсі сарғайған кезде шекер салып, тағы қайнатып, сүзіп алып, ірімшік етіп жүрген жандар көп. Бұл да дұрыс шығар. Дегенмен ірімшіктің негізі дайындау әдісі тіпті басқаша. Бұрынғы кезде, (қазір де болады) қой туған соң, қозыны 3-4 күн емізіп алып, етінен бұқпа дайындайды, не арнайы егіз туған қозыларды қой жарытпайды деген желеумен де біреуін сойып, ұлтабарына жиналған уызды мәйек деп атайды. Сол мәйекті жуып-шайып, кесіп алған жерін жіппен байлайды. Артынша, кішкене кептіріп, тоңазытқышқа салып сақтауға болады. Бұрындары іліп қойып, кептіріп, салқын жерде ұстайтын болған. Не малы көп үйлер, анда-санда ірімшік керек кезде қозыны сойып алып, сол балауыз кезінде пайдаланған.

Пайдалану әдісі:  қозының ұлтабарын алған соң, жоғарыда айтқандай жуып-шайып тазалап алып, жіппен байлап, жібін ұзындау етіп, сүтті жылытамыз. Яғни қазанның астына аздап қана от жағып, сүтті жылытып алу керек. Ыстық қылмай, жылы сүтке әлгі уызы бар ұлтабарды жібінен ұстап тұрып, сүтке батырып, айналдырып алады. Содан кейін қазанның шетіне жібінен асып, сүтке батқан күйінде қалдырамыз. Қақпақты жауып, қалың матамен сыртынан жауып тастаймыз. Арада 20-30 минут өткенде жіптен тартып көрсеңіз, сүт ұйып қалады. Тура қатық тәрізді. Сол кезде ұйып тұрған сүтті кекпірмен төртке бөліп-бөліп кесіп тастаймыз. Содан кейін отты жағамыз. Сүт қайнауға бет алғаннан көк суы шығып, ірімшік бөлек-бөлек болып қайнай бастайды. 5-6 сағаттай қайнаған соң түсі сарғайған кезде суын азайтып, яғни төгіп тастау керек. Қалған аздаған суымен тағы қайнатамыз, ірімшіктің түсі келген кезде қаласаңыз жарты кесе шекер салып 10 минөт қайнатуға болады. Негізі шекер салмаған жағдайда өз дәмі де керемет. Содан кейін сүзіп алып табаққа салып, дастарханға қоя беруге болады. Көбінде ірімшік қалың болса, піскеннен кейін арасын ашып жұқартқан дұрыс. Себебі, жұқартқан ірімшік тез кебеді. Кепкен ірімшікті ұзақ сақтауға болады. Ал қозының мәйегі не? дегенге келсек, оны бізде «мәндір» деп те атайды. Бұрын  СССР-дің кезінде қой совхоздарында арнайы қаракөл склады болатын. Сол жерде қозы сойып, әлгі мәйекті үкіметке өткізуші еді. Не себепті екенін білмеймін. Мүмкін, ірімшік дайындайтын болар.

Қарын бүрме

Құрамы: Қарын, ет, картоп, сәбіз, пияз, сарымсақ, тұз және дәмдеуіштер

қамырын кішкентай шағын күлше жасап илеп, етке қамыр салатындай жұқа етіп жаяды. Салмасына еттің үстіне сәбіз, картоп, сарымсақ, болгар бұрыштарын ірі қылып турап саламыз. Көкөністер ірі болып туралуы міндетті. Себебі отта 2-2,5 сағат тұрғандықтан, езіліп кетуі әбден мүмкін. Содан соң үстіне пияз, дәміне қарай тұз, паприка қосамыз. Барлығын қолымызбен жақсылап араластырып аламыз. Дайын салмамызды тазалап, жаны тігілген қарынға саламыз. Бірақ қарынды тырситып толтыруға болмайды. Кішкене бос орын қалдырамыз. Барлығын салған соң қарынның аузын жауып, тігіп тастаймыз. Содан соң отта 2-2,5 сағат пісіреміз.

Ал пісіру әдісіне келсек:

Қазанды отқа қоямыз. Ішіне май құйып қыздырып, үстіне пияз салып қуырамыз. Дәміне қарай тұз саламыз. Үстіне болгар бұрышын қосып қуырсақ та болады. Әбден қуырылып болған соң, 2 стакан су құйып, қайнатып, дайын қарынды саламыз. Отын баяу қойып, 2-2,5 сағат пісіру керек. Осылайша, қарын бүрме дайын болады. Әзірлеп көріңіздер, әрі отбасыларыңызды ерекше ұлттық тағамның дәмімен қуантыңыздар.

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33