«URKER-2021» жүлдегерлері анықталды

Сайт әкімшілігі

24.06.2021, 20:30

993

Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.

«Үркер» сыйлығы әдеттегідей 11 емес, 12 номинация бойынша тағайындалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оған «Тәуелсіздікке арналған ең үздік материал» номинациясы қосылды. Республикалық байқауға жалпы саны 340 өтініш келіп түсті. Солардың ішінде үздік деп танылған жобалар:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал: Риза Молдашева, «Семей таңы» газеті

Жылдың үздік репортажы: Әнуар Абдрахманов, BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: «Inform.kz»

Жылдың үздік газеті: TÚRKISTAN

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қыдырбек Рысбек, «Aiqyn» газеті.

«Жылдың үздік танымдық материалы»: «Massaget.kz» порталының тілшісі Өмірбек Сансызбаев.

«Жылдың үздік фото материалы»: Мақсат Шағырбаев, «Ньюс рум».

«Радиостанциядағы үздік жоба»: NS радиосы, «Новое утро».

«Жылдың үздік журналы»: «Forbes kz» журналы.

«Жылдың үздік сұқбаты»: «Власть.кз», Тамара Вааль.

«Үкердің арнайы жүлдесі»: «Қазақ радиосы» ұжымына бұйырды.

Жүлдегерлерге 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін тағайындалады, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған. 

Осы күнге дейін ұлттық бәйегеге 2830 жоба қатысып, оның 55-і жүлдегер атанды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15