Үржарда Отыншы Әлжанов «қар асап» тұр

08.01.2020, 14:03

72

Шығыс өңірдегіҮржар ауданында қар басқа аудандармен салыстырғанда шамадан тыс қалың түседі.Дегенмен, биыл жылдағыдан аз түскеннің өзінде аудан орталығындағы көше бойынқардан арылтуға жауапты сала салғырт қарап отырғандай әсер қалдырады. Көліктерқарама-қарсы бағытта бір қатардан ғана өткенімен, жолдың екі жағы ақ түйелеркелесімен келіп шөккендей көзге қораш көрінеді. Автобекетпен иін тіресеорналасқан «Қуаныш», «Оралхан» базарларынан азық-түлігін, керек-жарағын алғанжұрт көлігіне жеткенше үйілген қарды айналып, итәуреге түсіп жатқан сәтіне куәболдық.

«Осы Үржардың ішімен 2, 3-бағыттағы автобустар онсыз дасағаттап күттіріп әрең келетін еді. Кешелі бері тоқтап қалған сияқты. Екісағатқа жақындап қалды әлі жоқ. Өтіп бара жатқан көлік мен тұратын «Хуторкаға»қарай кездессе жақсы, 50 теңгеге апарып тастайды. Ал, жалдасаң, ауданның шетжағына 300 теңге сұрайды. Жалақысы 38 мың теңгеден аспайтын менде оған шамақайдан болсын. Тұрғаның өстіп қыста қалтырап, жазда ыстыққа қақталып. Базардыңтүбін өзіміз «аялдама» етіп алғанбыз. Әйтпесе, қарсы беттегі қисайып тұрғанаялдама болмаса, мына жақ бетінде халық қардың арасындағы осы қуысқа кептеліптұрады», — дейді Айгүл атты аудан тұрғыны.

Айгүлдің сөзінжанында тұрған Базархан есімді жігіт те қостады.

«Бұл мәселені ауылдың да, ауданның да әкімінің өткізгенжиналыстарында айтып-айтып болғанбыз. Қайта қар биыл жақында ғана жауды. Ал,біз айтқан жайды жаңа естіп жүрген жоқ. Көргісі келсе, әкімдік те осы көшеніңбойында тұр ғой. Жоғары қарай өрлесе, халықтың қалай мезі болып жүргенін көререді. Қардан әкімдік алды тазартылса болды оларға. Автобусты өз басым жаңажылдың алдынан кешегі күнге дейін көргем жоқ», — деді ол.


Аудан орталығындағытұрғындардың жергілікті атқарушы биліктің жұмысына көзқарасын білуге тырысып,қанша сұрасаң да айтудан қашқақтайтынын байқадық. Базар маңынан ауылдарғабаратын кісі күтіп тұратын такси жүргізушілері үйілген қардың арасынакөліктерін қойып, әңгіме көркін қыздырғанымен, аты-жөнін айтудан бас тартып шығакеледі. 

«Ертең келіп осы тұрғанымыздыкөріп, шағым айтқанымыз үшін қысым жасайды. Ал, шын мәнінде осы жауған қаркөктемге дейін жатады. Қар шығаратын техникалар бұл жерге келмейді. ДАГ күрепөткен соң, тұратын орынды өзіміз ыңғайлап алдық»,-деп әрең жауап берді атынайтпаған бір таксист.

Тұрғындар айтсаайтқандай, аудандық әкімдіктің алды әбден тазаланыпты. Тегінде шенеуніктерқызметтік көліктерін жақын маңға қаңтара салып, күрелген алаңды жылдамдата басыпөтіп, жылы кабинеттеріне асыға жетуге ыңғайлап қойғандай. Әкімдікке қарайаяңдап келе жатқанымда, Алаш қайраткері Отыншы Әлжановтың ескерткіші көзтартты. Анығында, ескерткіш емес, қайраткер бейнесінің қарға көміліпбасы-мойыны қылтиып тұрғаны назарымды аударды. Сірә, қайраткердің кеудесінбасқан қарды алып тастауға шенеуніктердің не ақылы, не батылы жетпей қалсакерек...


«Бақсақ бақа екен» дегендей,қызықтың көкесін 1979-1989 жылғы Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер құрметінеқойылған мәрмар тасқа келгенде көрдік. Айналасы аласа шарбақпен қоршалғанмәдени-көпшілік орын ішіндегі сәкілердің шеті әрең көрінеді. Қар әбден басыпқалған. Ал, осы нысанға таяқ тастам жерде тұрған әкімдік алдындағы Қабанбайбатыр ескерткішінің айналасы айнадай жалтырап тұр. Сонда Отыншы Әлжанов пенинтернационалист жауынгерлердің тарихи мәртебесі Қабанбайдан кем түскені ме?..Бәлкім, оларды да орнатылған жерден әкімдіктің қарсы алдына көшіріп әкелсеғана, қардан аршып отыратын адам табылып қалар ма екен?..

Осындай сауалдаржәне кездескен тұрғындар айтқан жайлар жетелеп, Үржар аудандық әкімдігіне бассұқтық. Аудан әкімі Серік Зайнулдин орынында жоқ екен. Әкімнің тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық саласына жауап беретін орынбасары Дидар Хамитовтыңқабылдау бөлмесі кіріп-шығып жатқан әкімқаралардан бір босамағандықтан,тілдесудің сәті түспеді. Есесіне, Үржар аудандық автомобиль жолдары және ТҮКШбөлімінің басшысы Серік Тілемісовтің сөзінен жауған қардан ешқандай проблемажоғын білдік.

«Шын мәнінде Үржардай үлкен ауданда жолдарды қардануақытында тазартып отыру тұрақты жүргізіледі. Тіпті, кейбір қалалардың ішіндемұндай үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Ең шалғай ауыл тау ішіндегі Қарабұйратқадейінгі жолдарды тазартып отырамыз. Мына жағы Ақшоқы, Бақтыға дейін барсаңыз дажол ашық, ешқандай проблема жоқ. Ал, базар маңы, таксистер тұрған жерді алсақ,ол «прилегающи территория» деген бар. (Өз сөзі -автор). Яғни, базар, таксистертұрған жер жекеменшік аумаққа жатады. Мысалы, бізден «Артур» сауда дүкенікәсіпкерлік саланы дамыту мақсатында қарын күреп беруге қолғабыс жасауынсұрайды. Ал, біз  «Автомобиль жолдары туралы»заңды басшылыққа аламыз. Онда негізгі трассаны қардан тазартқан жағдайдажекеменшік аумақтарға кірмеу жайы анық жазылған. Яғни, трассаға дейінгі жеркәсіпкердің өз иелігінде болғандықтан, ол жерді қардан арылтуға өзі жауапты.Демек, жекеменшік нысандардың, сауда дүкендерінің, базардың алдын тазартуғаиелері жауапты. Мұны өздері де жақсы біледі», — дейді Тілемісов.

Бөлім басшысыныңайтуынша, көпшілік мәдени-орындар Үржар ауылдық округінің теңгеріміндеболғандықтан, ол жерді қар құрсауынан босатуға ауылдық әкімдік жауапты.Тілемісовтің сөзіне сүйенсек, «Батырлар аллеясы», Ауған соғысы жауынгерлерінеқойылған тақтатастың айналасын тазарту қол күшімен атқарылады. Алайда, ол жердеқолына күрек ұстаған пенде баласы көзге шалынбағанын айтқанымызбен, «өткендекүреп жүрген» деп құтылды. Ал, Үржар ауылының әкімі Сайлауғазы Шарықбаевқахабарласқанымызда ұялы телефоны өшіп жатты.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16