Ұшақ апаты бойынша тергеу ісі: ІІМ барлық құжаттар мен деректерді зерттеуде

28.12.2019, 08:43

116

Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен ІІМ Алматы облысы Гүлдала ауылының аумағында«Fokker-100» жолаушылар әуе кемесінің апатқа  ұшырау фактісі бойынша ҚРҚылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеужүргізілуде.

«ІІМ ұшақтың апатқа ұшырауына әкеп соққансебептер мен жағдайларды сапалы және объективті тексеру жүргізеді. Тергеубарысында барлық құжаттар, аудио және бейнежазбалар зерттеледі. Әуе кемесініңжай-күйіне бірқатар сараптама, оның ішінде өрт-техникалық және көліктік — трассологиялық сараптама тағайындалды», — деді Ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаев.

ІІМ басшысытергеушілер әуе апатына әкеп соқтырған барлық оқиғалардың хронологиясын қалпынакелтіру керектігін атап өтті. Осы мақсатта қызметкерлер ұшуды ұйымдастыру менөткізуге қатысатын барлық жердегі және авиациялық қызметтердің жұмысынтексереді, жауапты тұлғалардан жауап алу және осы рейстің жолаушыларынансауалнама алу жүргізіледі.

Ұшу-қону жолағынатексеру жүргізілді. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш құралдары мен борт журналыалынды. Қазіргі уақытта ұшақтың құлау ауданын тексеру жалғасуда.

Халықаралықталаптарға және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне сәйкесоған халықаралық авиация комитетінің (ХАК) және ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдеріқатысады, олармен бірге алынған өздігінен жазу құралдарындағы жазбалардың мәнінанықтау, кеме қозғалтқышы мен оқиға орнын тексеру жүргізіледі.

Апатқа ұшыраған әуекемесі 1996 жылы Голландияда «Fokker» зауытында салынып, 2020 жылдың21 мамырына дейін ұшу жарамдылығы сертификатына ие болғаны анықталды.

Жедел-тергеу тобыбірнеше нұсқаларды, соның ішінде кеменің техникалық ақауын, ауа райы жәнеметеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ұшу кезінде жіберілуі мүмкін қателердіпысықтайды.

28 желтоқсандағыжағдай бойынша Алматы қаласының медициналық мекемелерінде 47 зардап шеккен,оның ішінде 9 бала стационарлық емделуде. 4 зардап шеккенге медициналықтексеруден кейін амбулаторлық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді. Қазаболғандардың саны өзгерген жоқ (12 адам).

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02