Ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті

Сайт әкімшілігі

16.03.2021, 12:29

1003

Алматы облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған әскерилер жер қойнына тапсырылды,- деп хабарлайды «Жас Алаш»

Дүйсенбі, 15 наурыз күні Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті. Баспасөз қызметі ҰҚК басшылығы шараға қатысқанын хабарлады.

«Қаза тапқандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жердегі және әуедегі көлік құралдары жұмылдырылды. ҰҚК көз жұмған және зардап шеккен әскерилердің туыстары мен жақындарына қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатыр», – деп жазылған  комитет сайтында .  

Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған әскерилерді еске алу үшін ҰҚК орталық аппаратының ғимаратындағы ведомстволық ту төмен түсірілді. Сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында бір минут үнсіздік жарияланды.

Қазір ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылып, әуе апатының мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Тегтер: ұшақ оқиға үшу жолағы әуе көмесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24