21.02.2020, 11:23
80
Бүгін Талғараудандық сотында «Bek Air» әуе компаниясы мен ұшақ соғылған үйдің иесі арасындағысот отырысы өтуі тиіс болған. Бірақ сот процесі кейінге қалдырылды.
«Bek Air»компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзінше, олар ұшақ соғылған үйдіңзаңсыз салынғанын сот арқылы дәлелдегісі келеді.
«Біздің талабымыз, үйдің заңсыз салынғанын дәлелдеу.Құзыреттілік жөніндегі сұрақтарды кейінге қалдырайық. Себебі сот отырысыкейінге қалдырылды», — деді Жұмасұлтанов.
Үй иесі Ришат Қалибектіңайтуынша, қарсы тарап үйдің заңсыз салынғанын дәлелдеу арқылы, 12 адамныңқазасын оның мойнына ілмекші.
«Мен заңгермен сөйлестім. Олардың мақсаты – үйдің заңсызекендігін дәлелдеп, кейннен 12 адамның өлімін менің мойыныма арту. Шірігенұшақтарының құлауына жауап берудің орнына, олар үйімді бұзып, енді мені сотқаберуде», — деді Қалибек.
Бұдан бөлек, Ришат Қалибек қазір заңгерлермен сөйлесіпжатқанын, алдағы уақытта сотқа «BekAir» компаниясына қарсы арыз жазатынын айтты.
Естеріңізгесалайық, жалтоқсанның 27-і күні Алматыдан елордаға бағыт алған «Bek Air» компаниясының Фоккер-100 ұшағы апатқа ұшырап,салдарынан 12 адам көз жұмған.
Фото: Закон.кз
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР