Ұшақта санитарлық талапты сақтамағандар айыппұл төледі

Сайт әкімшілігі

08.09.2020, 10:46

404

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға ұшақтың бортында әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтауды сұрап, оны орындамаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті. 

— Отандық және шетелдік авиакомпаниялар қауіпсіздік жүйесінің толыққанды болуына мүдделі. Алайда, қазақстандықтар ұшақтың бортында шектеулі талаптарды сақтамай, айналасына қауіп төндіреді. Мысалы, бүгін екі жолаушы 30 АЕК (83340 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жерге қонар алдында және ұшақ маска киюден бас тартқан, — деді Байғабылов.

Сондай-ақ, ұшақ жерге қонғаннан кейін жолаушылар салоннан тезірек шығу үшін орнынан ерте тұрып, кезек қалыптастырады, бұл да ауру жұқтыру қаупін туғызатын жайт.

— Негізінен, жолаушылар әлеуметтік қашықтық тіркеу кезінде және ұшаққа отырғызу кезінде сақтайды, бірақ бортта емес. Әдетте, шетелдік жолаушылар әуе лайнерінде сыртқа кезекпен шығады, тәртіп сақтайды. Біздің елімізде жолаушылардың бортта әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтындығы бойынша бізге келіп түскен көптеген шағым бар. Осыған байланысты осы аптада біз ұшақтан түсу кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған жағдайда жолаушыларды айыппұлға тарту шараларын әзірлейтін боламыз, — деп қорытындылады сөзін ол.

Тегтер: ұшақ айыппұл санитарлық талап эпидемия коронавирус

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 14:45
Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады
Мариям МАҚСАТ 07.04.2021, 08:17
Қараша халықтан тартып алмаған не қалды?
Еркежан АРЫН 06.04.2021, 15:16
2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19