Үшінші мегаполисте 700 мың шаршы метр үй салынуда

02.09.2018, 15:42

65

Шымкентте тұратын халықтың саны миллионнан асты. 2025 жылға қарай мегаполис тұрғындары 1,3 миллионға жетеді. Бұл кезде қалада көптеген мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салынуы тиіс. Сонымен бірге халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету де маңызды мәселеге айналып келеді. Осы өзекті мәселені ескере келе «7-20-25» бағдарламасы бойынша  Шымкентте тұрғын үй құнының лимиті 25 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.Ұлттық Банк басқармасы қабылдаған қаулыға сәйкес, Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы сомасы 15 миллион теңгеден 25 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған.-Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді, — деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат АЛТЫНБЕКОВ.Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бес қаласында аталған бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 миллион теңгені құрайды. Олардың қатарында  Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары бар. Ал, өзге  өңірлерде тұрғын үйді 15 миллион теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.Айта кетейік,  ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесіне ие болды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Сондай-ақ ҚР Парламент мәжілісінің бір топ депутаттары келіп, «7-20-25» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып кеткен еді. Сол кезде қала басшылары мен жергілікті құрылыс компаниялардың басшылары аталған бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасын 25 миллион теңгеге көтеруді сұраған.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 11:31
Жайылым жерлер көбейеді

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51