Үштөбедегі орыс өктемдігі немесе Бейімбеттің мақаласы

31.05.2019, 19:16

32

ҚР президенті архивіндегі 719-қор, 188-істен «На станцииУштобе развивается великодержавный шовинизм» деген құжатты көріп, қызметкерлеррұқсатымен суретке түсіріп алып едім. Жетісулық «бандаларға» қатысты басқақұжаттарды зерттеп жүріп қаперден шығарыппын. Өткенде дерекқорымды ақтарыпотырып қайта ұшыраттым. «Еңбекші қазақ» газетіне 1931 жылдың 9 наурызындабасылған мақаланың аудармасы еді. Жалаң қаққан ОГПУ-дің көрінген дүниенітәржімалатып, тіркеуге ала бермейтіні бесенеден белгілі, солай болып шықты. Үшбеттік мақаланы сарказмды айдарларға бөліп, ащы тілмен қазақ күйін жазыпты.  

«На станции Уштобе развивается великодержавный шовинизмнің»ұзын-ырғасы мынадай: Түрксіб теміржолы бойындағы Үштөбе стансасында 613 адамжұмыс істейді, соның 34-і ғана қазақ. Өзгелер өктемдік жасап қазаққа күнкөрсетпейді. Мысалы, Алматыға тартып бара жатқан пойыздың  Фердман деген машинисі Көккөзов дегенқазандықшы қазақты сабап, айдалада отарбадан түсіріп кетеді, станса бастығыЧернышев деген «Итте болғанша, иесінде болсын» деп, Көгенов деген қазақтыңпальтосын сыпырып алып, орыс теміржолшыға кигізеді; Теміров деген жұмысшыбұранда бұраудан қолы үсіп, жақын жердегі үйшікке кіріп жылынады, ол жердежайланып отырған орыс жұмысшы мұны жақтырмай сабап, темірмен ұрып Теміровтіңтісін қағып алады… Карнецкий деген машинист көмекші қазақтарды паровозданлақтыруды ермек етіпті: «Однажды Карнецкий без всяких к тому поводоввытолкнул в шею Уксукбаева с паровоза: «нам не нужны ничего не понимающиебараны. Также вытолкнул рабочего-казака Таскаева обзывая его собакой и свиньей.Тот упал лицом вниз».Барактар малқорадан нашар, лас, сасық, тон, пимасекілді киім-кешек қазақ теміржолшыларға берілмейді. Автор осындай мәліметтердітізе келіп, партиялық ұйым мен кәсіподақты да түйреп өтеді. «Шара қолданукерек» деп тұжырымдайды.  

Әр адамға, әр сөзге құзғын көзбен қарап отырған кезеңде партияүнжарғысы болған басылымда мұндай мақала жазуға дәті барған кім екен депалаңдаған көңіл «Жулаучи» деп белгіленген авторды оқығанда селт етті. Жолаушы! Би-ағаңғой! 

Бейімбет Майлиннің «Еңбекші қазақта» істегені, бөлім басшысы болғаныбелгілі, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Ілияс Жансүгіров – Матай, Қаптағай,Күйші,  Әлихан Бөкейханов – Қыр қазағы,Мұхтар Әуезов – Қоңыр, Екеу дегендей бүркеншік есімдер қолданса, Би-ағаң –Мырқымбай, Малай, Жолаушы, Балықшы деген атпен жазып отырған.  

ОГПУкез келген авторды қадағалай бермес, Жындыбайдан туған Желдібайлардың есерлігінаямай сынайтын, сәбеттің бітіспес жауына айналған алашордашыларға:

«Жұртты сүйер ерлер шығып қол басы,

Саф азамат бағылан болып жолдасы,

Жарық сәуле ендіретін қазаққа.

Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!» – деп жыр арнап, қырғаіліккен Бейімбеттің жөні де, сойы да басқа. Оның үстіне Бейімбет Майлин  Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінен өзібұған дейін аз уақыт жұмыс істеген, кейін «Социалды Қазақстан» атанған «Еңбекшіқазаққа» оралып, 1934 жылы «Қазақ әдебиетіне» бас редактор болыптағайындалғанға дейін осы басылымнан қол үзбеген. «На станции Уштоберазвивается великодержавный шовинизмдегі» мәліметтер автордың Үштөбеге келіп,жағдайды көзбен көргенін меңзейді.

«К руководителю стройки Коханову обращается 15-16 летнийказак за работой. Коханов отвечает: «пожалуйста, бери лопату и иди чистиьткозеты» (әжетхана – С.Ә) (как будто другой не было). Закончив работу мальчикжалуется Коханову, что с этой работой он справиться не может и просит другую,более легкую работу. Грубым тоном Коханов говорит «в таком случае сам найдисебе хорошую работу». Мы видели этого мальчика плачущего, не могущего найтисебе подходящую работу».

ҚР президенті архивіндегі 719-қор, 188-іс

ҚР президентіархивіндегі 719-қор, 188-іс

Үштөбе – Түрксіб бойындағы ірі стансалардың бірі, 1930 жылдың28 сәуірі, сағат 12:00-де күміс қазық қағылған Оғыз-Қорған, кейін Айнабұлақатанған бекетпен ұштасып жатыр. Би-ағаның мақаласы біраз жайтқа көз ашады: 613адамның 30-дан асар-аспасы ғана қазақ болуы жергілікті халыққа деген көзқарастыанық көрсетеді, советтік кинолардағы теміржол келіп, малшы қазақтың көзі ашылдыдеген пропаганда – жалған. Коханов деген құрылыс басшысының 16 жасар бозбаланыәжетхана тазалаушы етіп қоюы осыған куә болған қаламгердің жан дүниесіналай-түлей еткені анық.  

Байғұс қазақ қайда барсын. Бұл өңірде ашаршылықайдаһардай ысқырып, жан-жағын жалмап жатқан уақыт еді. Теміржолға жұмысқажалданған қазақтың өлігін шұңқырға үйіп тастай берген, жоқшысы жоқты жүндейтүткен заман. Егістікпен айналысатын ауылдарды ОГПУ жендеттері тіміскілеп,жарты қап күріш үшін адам атылып жатты. Мына мәліметке қараңыз:    

     СОВ.СЕКРЕТНО

 ЗАПИСКА ПРАВКОМУ ПРОВОДУ

из Алма-ата

ОГПУ АКУЛОВУМИРОНОВУ

ПроизведеннымЭКОПП 28-го октября обследованием Каратальского рисосовхоза установлено: Выходрисошали совхоза преуменьшен, площади посева 585 га начислено валоваго выхода14625 центнеров районными организациями определен 7550 центнеров, краевой плансдачи 20338 центнеров. Совхозом не включены валовой выход прошлого года 631центнер, коим разбазарены: местность снабжение наряда 123 центнероввзаимообразно организациям 299 центнеров пересев посевной площади 31 годаблагодаря безхозяйственности 185 центнеров. Уборка проведена ненормально,определению самого совхоза соломе осталос не менее пяти процентов риса,обследованная комиссией салома 79 га содержит до десяти процентов, совхознамерен всю салому перемолотит, примерный выход после перемолота 1001центнеров. Во время уборки 570 га потеряно 668 центнера значительностью выше досих пор полей жителями собираются колось, некоторые набирают двух пудов в день.Совхозом до сего времени непомолочены орехи находившиеся в скирдах. Указанныевозможности совхозом были скрыты в хлебоурочный баланс не включены. Семена 31года составлено лишних 1000 центнеров. По плану хлебосдачи сдано всего 5557центнеров. В зернохранилище находился 8539 центнеров. Виновных привлекаем кответственности.

Копию прошупередать ГОЛОЩЕКИНУ: 15283/6 КОРУПЦИЯ

ВЕРНО: Подпись

ҚР президенті архивінен

Осы бір парақ мәлімет тұтас Қаратал өңіріндегі, қала берді,бар қазақ жеріндегі жағдайды жария етіп тұр. 1928 жылғы кәмпескеде «аша тұяққалмасындап» 40 млн малды қырып салған большевиктер коллективизацияны дамандытпады. Сүйек-саяққа, тері-терсек, жылан-бақа т.б. басқа болмайтыннәрселерден салық жиып, елді ығыр етті. Қаратал күріш совхозының басшылары бала-шағағаталғажау болсын деп амалдаған қорды, тіпті егістікте қалып қойған әр масақтыжинатқан, үйілген маяларды тінтітіп, сабанның әр талын тексерген, «Қамбадағы 8539 центнер астықтың 5557-сінғана өткіздің» деп адамдарды жазалаған. Аш қалған ауылдасын аман сақтап қалғысыкелгендер «коррупционер» атанған. Осы қазақты қан қақсатып тартып алынған астыққайда кетті? Әркен Уақ ағамыз мынадай дерек келтіреді: 1928 жылы 1 млн, 1929жылы 13 млн пұт, 1930 жылы 48,3 млн пұт, ал 1931 жылы қазақтар қырылып жатқанда51,8 млн пұт астықты шетке сатқан. Онымен қоймай, 1932 жылы 18 млн пұт астықсатылған. Енді 40 млн бас мал қайда кетті дегенге келсек, қазақтың даласында «Союзмясопродукт»,«Ленинградмясо», «Москвамясо» сынды қасапханалар салынды. 1930-31 жылдары өніммөлшері екі есе ұлғайтылып, 7 750 000 пұт ет дайындалды. Жылқы мен сиыр,ұсақ мал қисапсыз сойылды, осы қыруар еттің бәрі отарбамен ішкі Ресейгежөнелтілді. Дала кең, аң-құс жетеді, қазақ неге аң аулап жан бақпады деймізғой. Бұған Ораз Исаевтың Госплан төрағасы В.Куйбышевке «Қазақтарға аң аулауға,құс атуға, балық аулауға рұқсат беріңіз» деп жазған хатын мысал етейік.Куйбышев оған «Ешқандай рұқсат жоқ, бір құс немесе аң атқан адам сотталады» депжауап берген.

Негізі, 1930-31 жылдар қызыл билік пен қазақтың арасықатты ширыққан уақыт. Қазақстанның өзге аймағы секілді Талдықорған маңындағыхалық та отырықшы, егінші етемін деген озбырлыққа шыдамай, дүркін-дүркінкөтеріліске шығып тұрған. Талас Омарбековтің «1929-1931 жылдардағы халықкөтерілістері» деген кітабынан Шұбар, Ақкөл, Сарқан, Қаратал көтерілістерітуралы білеміз. 1930 жылдың 20 наурызында Шұбар ауылының халқы аудандық атқарукомитетіне келіп, түйір астық қалдырмай тонап жүрген Попов деген шолақ белсендініөздеріне беруді талап етеді. Өкіметтің өз уәкілін ұстап бермейтінін білген соң,штабқа ұмтылады, округтік соттың төрағасы Беков дегенді сабап, тапаншасынтартып алады. Талас ағамыз аударған, 171-беттегі құжат мынадай:

ҚОСЫМША

Шұбарға дейін бар болғаны 12-15 ш. екенін ескеріп, мағанбүгін бірнеше сағатқа болса да, Шұбарға барып келуге рұқсат етулеріңіздіөтінемін.

Сарқан мен Қоғалыға хабар беруге уақыт таппай жатырмын,жұмыс кеңірдектен. Сіздердің телеграф арқылы хабарлауыңызды өтінемін. Сондафактіні бір тұрғыдан баяндауға қол жеткізетін едік, өйткені  мен сіздерге қолжазбасыз хабарладым.

Липен

Липен – Талдықорғандағы ППОГПУ-дің оперативтік бөлімінің басшысы, мына хатты Алматыдағы бастығы Федоровқажазған. Федоров рұқсат береді, Сарқан мен Қоғалыға хабар беретінін айтады.Бұдан ОГПУ-дің бірнеше аймақтың қазағы толқып тұрғанынан хабардар болғанынбайқаймыз. Расымен, аталған екі аймақта ереуіл бұрқ етті. Қоғалыдан «Совет өкіметін»құлаттық деген хабар жеткенше, жендеттер Шұбар жанайқайын тұншықтырып үлгерді.24 наурызда шұбарлық 16 азамат тұтқындалды. Бір опасыз 19 наурыздың түніндеастыртын жиналып, ел көтермекке бел буған Сейсенбай Өмірәлиев, Тұрғали Мамаев,Мамыш Жұртақаев, Оспан Сыпатаев секілді игі жақсыларды тізіп берген көрінеді.Ал 27 наурыз күні Бүйен–Ақсу халқы ширығып шықты. Бұларға жетекшілік еткеназаматтардың есімі осы күні елге аян – Қалдыбай Қылиев, Егеубек Жаңабаев, ҒалиСатырбаев. «Кеңес өкіметі жойылсын!» деп ұрандап, Ақсу сынды елді мекендергебасып кірген көтерілісшілерде 100-ге тарта мылтық болып еді. 30 сәуірге дейінБалқаш–Қаратал құмын паналай жүріп соғысқан көтерілісшілердің топтарын ОртайСартаев, Тұрсын Омаров, Әмірхан Үсенов т.б. азаматтар басқарған. ТалдықорғанОГПУ-і Сарқан бойындағы бүлікпен алысып жатқан сәуір айының басында, 2 сәуірде Балқаш,Шоқпар аудандарында көтерілісшілердің бас көтеруі Жетісу қазақтарының Кеңесөкіметін түбегейлі төңкеріп тастауды көксегенін дәлелдейді. Бір-біріне хабарберіп, ұйымдасып атқа қонған:

«Балқаш ауданы №1ауылдың қауымынан  

Шоқпар ауданыныңазаматтарына!

Біз өзіміз декөтеріліс ұйымдастырудамыз. Құдайдан сәтті аяқталсын деп тілейік. Түсіп жатқанмәліметтерге қарағанда, Шұбарда, Қараталда және Талдықорғанда, барлық жердебіздегідей көтеріліс басталыпты. Қопалы қозғалысы өзінің ықпалын барлық жаққатаратты. Бізде тұратындар және бізден төменгі №1, №2, 3 және 10 ауылдар Ақкөлді(ААК – Ақкөл аудандық комитеті – Т.О.) алды. Енді қол қусырып отыруға болмас,үндеу жазып, төменгі және жоғарғы жақтағы халықты көтеріліске қосылуғаүндеңдер. Барлық халықты кеңінен хабардар етуге қажет шаралар қолданыңдар. Арғыбетте тұрған ағайын бізге хабар айта алды: бізге Қаратал ауданынан екі қашқынкелді және олардың айтуынша, Қоғалы мекені қолымызда. Енді босқа отырудан ешпайда жоқ. Халық арасында үгітті жүргізіңдер және күшейтіңдер, бір сөзбенайтқанда, босқа отырмаңдар. Бұл хат  №1ауылдағы қауымнан, өздеріңнің ағайындарыңнан жазылды.

Қол қойылмаған.

7. IV.30

Аударған Ырымбетов

Дұрыс (қолқойылмаған, көшірме)»

Т.Омарбеков

 («1929-1931жылдардағы халық көтерілістері», 186-бет)   

Осы бір жапырақ хаттан қазақ арманы есіп тұр. Кейін«Ақкөл көтерілісі» деген атаумен  тарихқаенген бұл майдан да жаншылды. Алматы округіндегі көтерілістердің тезбасылуына  теміржолдың іске қосылғанбөлігі   себепкер болды.  Семей мен Алматыдан шақырылған атқыштарбригадасы отарбамен жедел жетіп, Айнабұлақ, Биже, Үштөбе секілді стансаларданбарлауға шығып, көтерілісшілерді жойып отырды. Елдің есін жиғызбады.  Қорғалаған қазақтың дәрмені жеткені Қытайғақашты.

Л/С                     Сов.Секретно

                                      СПЕЦСВОДКА

об итогахоткочевок  населения   КССР за 1930  год.

                                                      По материялам ИНФО ПП ОГПУ

                                                      КССР на 27/II -1931 года

ОТКОЧЕВКИ ВНУТРИ ИЗА ПРЕДЕЛЫ КССР

С  весны  1930 года   по январь  1931 года, по далеко  не полному  учету откочевками  по КССР,  внутри его и за пределы, было охвачено всего 34577  хозяйств,  из них: байских 1014  хозяйств, середняцких 1817, бедняцких 2167,колхозников 54  хозяйства и неподразделенныхна социальные группы 29525 хозяйств. Из неподразделенных по имеющимся     данным преобладающее большинство относитсяк группам бедноты и середняков...

По не полным данным в Китай откочевало из пограничныхрайонов быв. Алматинского и Семипалатинского Округов 2638 казахских хозяйств.Кроме того, туда откочевало из прилегавщих к пограничным  районов: Малай-Сариского 92 хозяйства (кроме этогоеще  зафиксированы массовые откочевки из ауылов12 и 13, но без указание  количестваоткочевших), Чиликского 62 хозяйства, Каратальского 30  хозяйств и Курчумског 11 хозяйств...

ҚР президенті архивінен

Ұзын-сонар арнайы құпия мәліметтен үзінді ғана алыпотырмын.  29 525 түтіннің әрқайсысындабес жан бар деп есептесең, 6-7 айда атамекенін тастап, босқан қазақтың саны 150мыңға жетіп жығылады. Ал шекара асқаны 15 мың шамасында. Ол қашқан қазақ,ал өлген қазақ ше? Тарихшылар есебі бойынша 1916 жылғы үркіншілік (400 мың),1919-21 жылдардағы ашаршылық (1 400 мың), 1931 жылғы ашаршылықта (2 млн 300мың, кей деректе – 2 800 мың)  аштанөлген қазақтың саны – 4 млн 600 мың адам. Кей тарихшылар мұны «жұт» деп жүр,жұт – табиғаттың жазуымен болар кесапат, ал адам қолынан келгенді зұлмат,нәубет, геноцид деп, атымен атаған жөн болар. Отызыншы жылдардың аласапыранындаең көп жапа шеккен – оңтүстік-шығыс пен шығыс, жарты миллиондай адам қырылған.Тұрар Рысқұлов Сталинге жазған хатында Алматы облысында аз уақытта 2100 үйдіңқаңырап, ел босып кеткенін мысал етеді, яғни Голощекин қатесін мойындаған,көмек беріле бастаған 1933 жылы да өңірдегі жағдай түзелмеген. Осындай қиынкүйде қалған жергілікті халықтың жәутеңдейтіні, өкіре сөйлеген өзгелерденқорғалайтыны түсінікті. 

«… Шырынкүл шын налыды.

– Құдай-ай, жоқшылықтың да шегі болмайды екен ғой! Қарасудан басқа ішетін бір ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татпай, жүрекқарайып отырғаны мынау! Мұның ар жағында не болмақшы? Не қыламыз? Немен күнкөреміз?

     Көзіненбүртік-бүртік жасы ыршып шығып, бетін жуып сала берді. Жақ сүйегі сорайып, екікөзі аларып, еңсесі түсіп Қайрақбай отыр...»

    «Аштық құрбанында»(1937 ж.) Қайрақбай мен Шырынкүл болып шырқыраған, «Күлпәшта»  (1922 ж.)  бай мен баланың өлігін құшып өкірген Күлпәштіңкүйін кешкен  қазақ бұл кейіптен көпкедейін құтылмап еді, Үштөбедегі оқиға соның бір ғана көрінісі. Қаламы өткірқайраткер бұны да елеусіз қалдыра алмапты, жазыпты.

«Тыңда мені, Отаным,

Тыңда, тыңда, құлақ сал.

Саған халқым, оқ жонған,

Түсті қолға бандалар.

...........................

Ежов ерім көреген,

Жайғызбай уын жыланның,

Суырып алды інінен.

...........................

Соқты жүрек қаттырақ.

Оқ жонғандар халқыма,

«Атылсын!» Үкім біреу-ақ».


«Еңбекші қазақ» газеті, 1931 жыл9 наурыз

Қызыл саясатқа қарсы шыққанның бәрін бандыға теліп,«Атылсын!» деп ұрандатқан осындай дүниелер түспейтін газеттің бетіне ұлт туралымақала басу – өзіңе үкім шығару болса керек. Жолаушының мақаласы түпнұсқада«Үштөбе стансасында ұлы орысшылдық өршіп барады» деп аталады екен. Советтіксаясат соны «великодержавный» деп аудара салған. Төте және латын таңбасы қатарқолданылып, 1931 жылы 9 наурыз, дүйсенбі күні жарық көрген газеттегі мақаланыңтура төбесіне төте жазумен «Лениннің ұлт саясатын бұрмалатпаймыз!» деп ұран жазыпты.Жолаушының мақаласы да Ахаңның әліпбиімен басылып, Үштөбедегі шовинизмді ірепсалған. Сәл төменіректе тағы бір шағын мақала тұр. Тақырыбы «Ұлы орысшылдық ойыжайылып, жергілікті ұлтшылдықты қозғауда». Төңкерістегі кірмелердің өктемдігіқазақтың ашуын қоздырып, намысына тиіп жатқанын айтыпты. Авторы – Тілші. Жазумәнеріне қарасаң Жолаушы секілді.

Үштөбедегі оқиғаға байланысты тексеру жүріп, бірнеше  адамға шара қолданған екен. Сөгіс алған,жұмыстан қуылған. Ал Бейімбет Майлин «халық жауы» атанып, 1938 жылдың 10қарашасында атылды. Қаламының ұшын намысының шоғына балқыта жазып, бірмақаласымен бір ауылдың қазағын қорғап, басқасына қозғау сала алған, адамдықтыңжолында басын тік ұстап жүріп өткен ұлы Жолаушының туғанына биылғы 15 қарашада125 жыл толады.     

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ,

журналист

Суреттердіавтор ұсынды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 02.12.2020, 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:45
«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!

Аңдатпа


  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59