Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді

Сайт әкімшілігі

24.01.2022, 10:16

1341

Бүгінде прокуратураға азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түскен.

«Бүгінде прокуратураға азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түсті. Әр шағымға шара қолданып жатырмыз. 19 шағым бойынша көрсетілген заңбұзушылық расталмады. Ал 56-сы бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ, кей жағдайда азаматтардың құқығы бұзылғаны расталды. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасының араласуымен заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды», — деді Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, аталған факті бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар, ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билігін асыра пайдалану деректерімен қылмыстық істер тергелу үстінде. Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды. Одан бөлек, құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алу мақсатында барлық өңірде арнайы мобильді топтар құрылғанын тағы бір еске саламыз. Азаматтар prokuror.gov.kz ресми сайтымен қатар, облыстық және Бас прокуратураның сенімді телефоны арқылы жүгіне алады», — дейді ол. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56