Ұзынағаш: Әкімдік шағын кәсіпкерлерге кедергі келтіріп жатыр

25.07.2019, 02:30

14

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылыныңсауда-саттықпен айналысатын бір топ тұрғыны аудандық әкімдікке наразы. Олардыңайтуынша әкімдік «Дарабоз» базарының орталыққа қарайтын негізгі қақпасын жауыптастаған.


— Бұл жерде 66сауда нүктесі жұмыс істеп тұр. Әр нүктеде үш-төрт адамнан істейді, өйткені бірарендаторда екі-үш көмекші болады. Осыны есептесек, 280-дей адам жұмыс істепжатыр. Бәрінің отбасы бар. Бұл кешеннің ерекшелігі – аудандағы төмен бағадағысауда орталығы, — дейді кешеннің иесі, «Дарабоз» ЖШС-нің төрағасы ТоқтарСЕТЕНОВ.


Базар иесінің айтуынша, аудан орталығының тұрғындары ғанаемес, ауыл-ауылдардан келетін тұрғындар мен шағын саудамен айналысатындаркерегін осы жерден «оптом» алады. Кешен тауарларының шамамен 60 пайызы –азық-түлік, 15 пайызы – жеміс-жидек, көкөніс, 15пайызы – шаруашылық жәнеқұрылыс заттары, қалған 10 пайызы – киім-кешек.


«Дарабоз» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1995 жылыауданда алғаш ашылған ЖШС. Содан бері көлемі ұлғая келе қазір аудантұрғындарының 37 пайызын қамтамасыз етіп отыр.


Бұл туралы Тоқтар Сетенов былай дейді:

— Былайша айтқанда зорлық-зомбылықсияқты болды, «жабамыз» деді. Қақпамыздың алдынан ешқандай жол қалдырмай жауыптастады. Адамдар секіріп, аттап-пұттап кіріп жүр. 1947 жылдан бері базардың басқақпасы осы болған, кейін тағы екі қақпа аштық. Бірақ, негізгі қақпа – осы Абайкөшесіне қарайтын қақпа. Базардың адресі де сол Абай бойынша көрсетілген – Абайкөшесі, 56 «А». Мен бұл мәселе бойынша 7 жерге арыз жаздым. Президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВҚА, Бас прокуратураға, «Нұр Отан» партиясына (мен өзім осы партияныңмүшесімін), аудандық, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына (бұл палатаныңда мүшесімін), облыс әкімі Амандық БАТАЛОВҚА жаздым, сосын аудандық прокуратуғажаздық.


Қақпаның жабылуымен базардың саудасы азайып кетіпті.Өйткені, негізгі қақпа болған соң келушілер «базар жабылып қалды ма?» депойлайды...

Біз көргенде Абай көшесіне қарайтын қақпаның алдын жабуүшін қойылатын биік дуалдың іргетасы қаланып бітіпті. Ескерту тақтайшаларықойылыпты. Бірақ, «уақытша ыңғайсыздықты» аттап өтіп, келіп-кетіп жатыр.


«Жұрт бәрібір келіп жатыр екен ғой?» дегенімізгесаудагерлер шу ете түсті: «Қайдағы! Бұрын бұл жер қайнап жататын».


Бір қарағанда қақпаны жапқан ештеңесі жоқ, қақпаға келержолды жапқан. «Енді қалған екі қақпадан неге кірмейді?» деген сұрақ туатынызаңды. Сөйтсек, әкімдік тек қақпаның алдын ғана емес, жаяу жүргіншілергеарналған тротуарды да жауып тастапты. Абай көшесі – республикалық маңызы баржол. Ал, осындай маңызды жолдың шетіндегі тротуар жабылған соң, жұрт айналыпөту үшін үлкен жолға шығуға мәжбүр. Үлкен жолдың шетінде жаяу жүргіншілергеарналған жолақ та жоқ.


Біздің көз алдымызда іргетасты аттап өтті дегеннен гөрі,іргетастың үстіне мініп, бері қарай ауып түсті деуге болатындай әуремен өткенкәрілі-жасты талай адам базарға кіріп-шығып жатты.


— Орталықтанкелетіндердің бәрі базарға осы жерден кіреді. Мынау кең көше еді, көлік қоюғада ыңғайлы. Қақпаны жапса да, жаяу жүретін жолды қалдыру керек еді, біз қалайайналып өтеміз? Тоғыз жолдың торабы ғой мына жер, сол жерге келіп тіреліпқаламыз. Жолға шығу қиын, амал жоқ, осылай аттап өтеміз, — деген тұрғын аты-жөнін сұрағанымызда алды-артына қарамай«қаша» жөнелді.


Тұрғындардың бәрі жолдың жабылғанына наразы. Әсіресе,базарға емес, көшеде жөнімен кетіп бара жатқан тұрғындар тротуардың жабылыпқалғанына аң-таң. Олар да базарға кірушілер секілді аттап өтіп жатыр.


— Бес жылдан беріосында істеймін, нәпақамыз осыннан түсіп тұр. Жеміс-жидек сатамыз, тура осықақпаның кіре берісі бізге, сатушыларға өте ыңғайлы еді. Машинамен кіріп-шығып,оптовый ала беретін еді адамдар. Күн көрісіміз жақсы еді. «Жастар жылы» депбастап алды да, біз сияқты жас ата-аналарға қысым көрсетіп жатыр. Бес баламбар, ешкімнен тиын сұрап отырған жоқпыз, ештеңе бермесе де осындайтіршілігімізге кесірін тигізбесе ризасың ғой. Бұрын тауардың бәрін көлікпентікелей кіргізіп, түсіріп ала салушы едік, қазір мына жерден тасимыз, жүккөтеру түгілі жай өтудің өзі мұң, — дейді сатушы Айнұр КӨБЕКБАЕВА.

Осында сауда нүктесі бар әр кісі өзін шағын кәсіп иесіміндеп есептейді. Сол себепті соңғы жылдары көтерілген шағын және орта бизнестіқолдау туралы мәселеге күмәнмен қарайды. «Қақпаның алдына түскен мына кедергібіздің кәсібімізге жасалған кедергі», деп қалды сатушылардың бірі. Ал, кешенніңқожайыны Сетенов мырза бұл кәсіпті ашу үшін, ары қарай дамыту үшін кәсіпкерлерпалатасынан да, басқадан да бір тиын көмек алмағанын айтады. Жеңілдетілгеннесие де алмаған. Қарапайым азамат ретінде алған, банкке 120 миллион теңгеқарызы бар екен.


— Өзіңіз де көріпотырсыз, адам кәдімгідей азайып кеткен. Қараңызшы, мына аялдамадан келіпжатқан, оның артынан өтіп жатқан тротуардың екеуі де мына жерге келіп тіреліпқалады. Бұл қандай заңға сүйеніп жасалып отыр? Түсіндірген де жоқ. Біз айттық,тыңдаған да жоқ. Сұрап едік, «жабылады» деді. «Не болса да жабылады» деді. Адамдарқұлап жатыр, өткенде бір кісі құлап басын ұрып алды. Клиенттің бәрі айтыпжатыр, мынау дұрыс емес деп. Клиент те көп келмейтін болды, менің саудам 50пайызға азайып кетті, — дейді ет сатушы Серік ДАНАБАЕВ.


«Не болса да жабылады» деп, іске бел шеше кіріскенҰзынағаш ауылының әкімі Ескелді ҚАСЫМОВ:

— Бұл жердегінегізгі мақсат – олардың бизнесін жауып тастау емес. Базардың алдындағы Абайкөшесі стратегиялық маңызы бар, республикалық жол. Негізі базарға бұл қақпаныңкерегі де жоқ. Қалған үш қақпамен де жұмыс істей беруге болады. Әшейін базардыңдиректоры «на принцип» кетіп отыр. Бұл Жандарбек Ермековичтің (ЖандарбекДАЛАБАЕВ. ауданның бұрынғы әкімі. – Ред.) кезінде басталған үлкен әңгіме. Абайкөшесі жағынан келетін машиналар тоқтауға болмайды деген белгіге қарамастантұрып алады. Үлкен кісілер (?) өтеді, үлкен мерекелер болады, сол себептіБағдат Байшалович (Бағдат ӘЛИЕВ. Қазіргі аудан әкімі. – Ред.) те «мына жердіжабыңдар» деген бізге нұсқау берді. Біз ол қақпаны жауып тастаған жоқпыз, жаяужүргінші жүретін жол қалдырдық. Басқаша тегі болмайды, — дейді.

Ауыл әкімі айтқан жаяу жүргіншілер жолы алдағы уақыттаашылмаса, әзірге айналып өтер ешқандай жер көре алмадық.


Айтпақшы, архитектуралық құжатта бұл қақпа «Дарабоз»базарының өрт жағдайына арналған қақпасы. Бірақ, ауыл әкімі бұл қақпа өзініңөртке қатысты міндетін орындай алмайды дейді.

Қысқасы, базар иелері мен саудагерлер бізге зиян жасады,кедергі келтірді дейді. Ал, әкімдік «біз оларға ешқандай зиян келтірген жоқпыз.Олардың территориясына кірген жоқпыз. Қоршап отырған ол өкіметтің жері», дейді.Бұл жағын базардағы жұрт сарыла жауап күтіп отырған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВнемесе өзге тиісті орындар келіп анықтап бермесе, аудандағылар жақын арада тілтабыса алмайтын сияқты...

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39