ВАК келуші мәртебесін тексермейтін 12 мың қатысушыны Ashyq-тан алып тастамақ

Сайт әкімшілігі

29.09.2021, 19:22

438

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19 аурушаңдығы 60%-ға, өлім деңгейі 80%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек орындары жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің — 45%-дан 32%-ға дейін төмендегені байқалады.

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссия барлық санитариялық талапты қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады.

Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирустық инфекцияның жағдайы және азаматтарды вакцинациялау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін Ashyq жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушысын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады.

Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00