Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе

Еркежан АРЫН

20.01.2021, 13:15

1086

Шетелдегі денсаулық сақтау мамандары вакцинаны шешуші фактор деп санайды. 2021 жылы өмір өз қалпына келеді ме? 2021 COVID-19 шектеулерін жұмсарта ала ма? Бұл көптеген адамдарды мазалайтын сұрақтар.

Жауап — вакцина, дейді Вашингтон университетінің денсаулық сақтау саласындағы денсаулық көрсеткіштері мен бағалауы институтының сарапшылары.

«Мұның бәрі вакцинаға байланысты», — дейді UW денсаулық сақтаудың институтының докторы Али Мокдад. «Егер бізде уәде етілген вакциналар болса, мамыр, маусым айларында біз қалыпты өмірге ораламыз».

Ол АҚШ тұрғындарының 70-80%-ы вакцинаны мамыр немесе маусым айларына дейін егуі керек деп болжайды. Бұл шамамен 250 миллион адам.

«Вакцинаның жанама әсерлері жоқ, вакцинадан кейін анти-вакциналар қажет емес. Біз қалыпты өмірге орала аламыз», — деді Мокдад.Вакциналар бір басқа, ал вакцинациялауға адамдарды көндіру бір бөлек мәселе болып отыр. Алайда, біз вакцина салған адамдар ауырыпты немесе тіпті қайтыс болыпты деген жаңалықтарды естіген соң бұл вакцина қауіпсіз бе деп ойландыратыны белгілі.

Колифорния университеті былай деп мәлімдеді: Егер келесі екі айда 10 миллион адам COVID-19 вакцинасын қабылдаса, қанша адам ауыруы мүмкін:

•    Осы адамдардың 4025-і жүрек талмасына ұшырайды.

•    3975-і инсульт алады.

•    9500-інде қатерлі ісік диагнозы қойылады.

•    60 адамға склероз диагнозы қойылады.

•    14000 адам қайтыс болады.

Ескеретіні, бұл вакцина қабылдаса да, қабылдамаса да болуы мүмкін болжамдар.

Көптеген медицина қызметкерлері бұл статистиканы вакцинацияға қарсы шыққандар жалған ақпарат тарату үшін қолдана алады деп қорқады.Алайда COVID-19 вакцинасының қарсыластары қатты алаңдатады. Себебі олар балалар тірі қалу үшін қабылдайтын әдеттегі біздің вакцинаны қабылдамауымызды қалайды.

Шетелдік мамандар вакцинациядан кейін маскалардан біржола арылуға асықпаған жөн дейді.  «Өйткені, біз колективтік иммунитетке қол жеткізгенімізге және вирус айналымда болмайтындығына 100% сенімді болғанға дейін өте мұқият болуымыз керек», — деп түсіндірді мамандар. «Есіңізде болсын, жақын адамдарымыз қасымызда болмай мереке қарсы алған шақтарымыз болды. Біз енді жоғалтқымыз келмейді. Ал вакциналар – одан шығудың жалғыз жолы».

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56