Валюта алып өту тәртібі туралы

Сайт әкімшілігі

01.12.2022, 12:27

783

Кеден органдарының негізгі міндеттерінің қатарына жеке тұлғалардың, кіші және орта бизнес өкілдерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың кедендік шекарадан валюта алып өтуіне кедендік бақылау жасау тәртібі де кіреді. Осы орайда айтар ойымыздың негізі түсінікті болу үшін әңгімені «жеке тұлға» деген сөзге түсінік беруден бастағанымыз жөн болар.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабында көрсетілгендей, жеке тұлғалардың қатарына Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Сонымен қатар жеке тұлғалардың қатарына 16 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толмаған балалар да қосылады. Осы орайда кедендік шекарадан кәмелеттік жасқа толмаған азамат валюта алып өтетін болса, декларант ретіндегі жауапкершілік оның ата-анасына жүктеледі. 

           Жалпы валюта алып өту (елімізге валюта әкелу және сыртқа шығару) туралы ережелер «Қазақстан Республикасында кеден ісін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 343-бабының 1- тармағының 7-тармақшасымен және Евразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің 05.06.2010 жылғы  «Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша немесе ақша құралдарын кедендік одақ шекарасы арқылы алып өту тәртібі жөніндегі келісім» туралы №51 шешімінің 4-бабымен реттеледі.

Атап айтсақ, кедендік шекарадан бір жолғы валюта алып өтетін жеке тұлғалардың қолындағы валютаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сол күнгі валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынан аспайтын болса, жеке тұлғалар аталмыш валютаны жазбаша декларацияламай алып өтуге құқылы. Ал енді аталмыш сома немесе жол чектері 10 мың АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда, жазбаша түрде кедендік жолаушылар декларациясына мәлімдеуі қажет. Егерде жеке тұлға кедендік шекарадан көлемі 10 мың АҚШ долларынан асатын валютаны кедендік жолаушылар декларациясында мәлімдемей өтетін болса, бұл жағдай кеден ережесін бұзу фактісі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы  Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 551-бабы бойынша (тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол чектерін немесе құжаттық құнды қағаздарды декларацияламау немесе дұрыс кедендік декларацияламау) әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Ал енді кедендік тексеруден жасырып өтетін валютаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сол күнгі бағамы бойынша 10 мың айлық есептік көрсеткіштен (30 630 000 теңге) асып кететін болса, бұндай фактілер негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

          Осы орайда біздің елімізге валюта әкелу мәселелері бойынша ешқандай шектеулер жоқ екенін ескерте кетейік. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағына сапарлап келген кез келген азамат кедендік шекарадан ешбір шектеусіз валюта алып өтуге құқылы. Ал енді шетелден алып келген валюта көлемі белгіленген мөлшерден көп болатын болса, жазбаша түрде кедендік жолаушылар декларациясында мәлімдегені абзал. Себебі шетелден алып келген валютаны кері алып қайтатындай жағдай туындайтын болса, Қазақстан Республикасының аумағына кіргенде толтырған жазбаша кедендік жолаушылар декларациясы валютаны кері алып шығу барысында оның заңдылығын дәлелдейтін негізгі құжат болып табылады.

Алайда, үстіміздегі жылы кедендік шекарадан валютаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығаруға байланысты шектеу қойылды. Бұл өзгерістерден көп азаматтар әлі күнге дейін хабарсыз екенін кеден органына түсіп жататын сұраулардан да аңғаруға болады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» 2022 жылдың 14 наурызындағы Жарлығының 1-тармағының 1-тармақшасының талаптарына байланысты, сыртқа қолма-қол валюта немесе қаржылық құралдарды алып өту  Ұлттық банктің сол күнгі бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынан аспауы керек.

Бекен Нұрахметов,

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік

кірістер департаменті «Алтынкөл-жол»

кеден бекеті басшысының орынбасары.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:19
Каналдар толып жатыр: Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоғары болып тұр
Әсет МАТАЕВ 02.02.2023, 14:15
Біздің ұрпақ мәселелерді шеше алады!
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 02.02.2023, 07:20
Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 14:24
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 01.02.2023, 11:26
«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер!»
Несіпхан ҚОҢЫРБАЕВ 01.02.2023, 04:13
Сұмдық демеске лаж жоқ...

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16