19.06.2020, 11:29
135
Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов коронавирус жұқтырды. Бұл туралыол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ерлан Әукеновтіңайтуынша, бірнеше күн бұрын COVID-19-дың алғашқы белгілері пайда болған соң,жұқтырып алдым ба деп күмәнданған екен. Ал бүгін, 19 маусымда, тест оң нәтижекөрсеткен.
«Мынавируспен ауырдым. „Жағымды“ сезім емес. Тағы үш-төрт күн бұрын осыныбастан өткергендерден телефон арқылы жағдайларын сұрағанмын. Ал бүгін жауабынөзімнен білемін. Мұнда әркімде әртүрлі екенін білу маңызды. Бүгін мен екі күнвагон түсіргендеймін немесе бірнеше гектар картоп еккендеймін болып тұрмын.Істеп көргендер түсінеді», — деп жазды ол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР