Вице-министр: Жынымды келтірмеңізші (видео)

13.02.2019, 18:42

77

Qaznet-тің жаңа жұлдызы – Серік ЖҰМАНҒАРИН. Ұлттық экономика министрінің орынбасары тарифтер жайлы қойған журналистердің сұрағына «жынымды келтірмеші» деп жауап қатқан.Қазір шенеуніктің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Серік Жұманғаринге тарифтер туралы сауал ұнамаса керек, бірден сұхбат беруден бас тартады.www.youtube.com/watch?v=1RwigyuMGno«Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған келіңіз, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», — дейді Серік Жұманғарин. Десе де, министрдің орынбасары әдептен озған жоқ. «Жынымды келтірмеңізші» деп сыпайлықтан аспады. Бұл Қазақстандағы шенеуніктердің журналситермен былай сөйлесуі бірінші рет емес. Қайта Тимур СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ орынбасары белгілі ғарышкер Талғат МҰСАБАЕВТАН қарағанда өте әдепті екен.2013 жылы Байқоңырдағы апатқа қатысты Үкімет кеңесінен шыққан соң журналистермен кездесу кезінде Мұсабаев «КТК» телеарнасының тілшісі Ербол СЕЙІЛХАНМЕН дөрекі сөйлесіп, кеудесінен итеріп жіберген. Әріптесіміз ол кезде бар-жоғы Мұсабаевқа камераға ыңғайлы жерге тұруды ұсынған. Ал ол: «Маған қайда тұру керегін үйрететін сен кімсің?» деп жер-жебіріне жетіп ұрысқан болатын.Айтпақшы, Серік МҰҚАШҰЛЫ дәл осы тарифтер бойынша 2018 жылдың қараша айында Қауіпсіздік кеңесінің жиынында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН сөгіс алған болатын. Президент Энергетикалық компаниялардың тұтынушылар есебінен заңсыз пайда тауып жатқандарын және қарпайым халықтың мүдесі қорғалмағанын айтқан-ды.Сөйтіп осы салаға жауапты «жыны келетін» шенеунік сөгіс алған. Содан болар тариф жайлы сұрақтың құлағына түрпідей тиетіні.Фото: azh.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:20
«100 нақты шара». Nur Otan жастарға қандай қолдау көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 10:02
Абайлаңыздар, Алматы қызыл аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:39
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны артты
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32