Вице-министрді сынаған Қайырбекова ректор болды

21.10.2019, 07:46

153

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне жаңа ректортағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін білім және ғылым министрлігіндедепартамент басшысы болып жұмыс істеген Анар ҚАЙЫРБЕКОВА атқаратын болды.

Соңғы кездері білім және ғылым министрлігі біраздау-дамайға қалғаны белгілі. Осы министрлікте департамент басшысы қызметінатқарған А. Қайырбекова жауапты хатшы Арын ОРСАРИЕВТЕН қысым көргенін ақпаратқұралдары арқылы жария еткен болатын. Бірақ, А. Орсариев бұл айыптаулардыңбәрін жоққа шығарды. Алайда артынша Орсариевтің көмекшісі сыбайлас жемқорлыққылмысымен қамауға алынды. Одан жастар жылына байланысты мәжіліс төрағасы Н.Нығматулиннен сын естіді. Осы жәйттер әсер етті ме, жақында А.Орсариевқызметінен босатылды.

Бірақ, министрліктегіосынау дау бастала салысымен департамент директоры А.Қайырбековаға қатыстыұсақ-түйек фактілер бойынша тәртіптік іс қозғалып, тәртіптік кеңес 29 тамыз күні білім және ғылым министрлігіне оны қызметінентөмендету туралы ұсыныс беріп, артынша Қайырбекова қызметінен төмендетілген еді.

Алайда білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ бұрынғы бұрынғы жауапты хатшының бұйрығын жойып, Қайырбекованы департамент басшысы қызметінеқайта тағайындады.

Енді міне, осы аптада Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстанмемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Анар Қайырбекова сондай-ақ, білім және ғылым министрініңорынбасары Ф. Жақыпованың ғылыми еңбектерінің плагиаттық жолмен жазылғанын дажария еткен болатын. Әл-әзірге бұл дау немен аяқталатыны белгісіз.

Осылайша білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВәділдікті жақтайтын жаңашыл басшы екенін тағы бір дәлелдегендей.

Коллаж: ЖасАЛАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58