VIP зират пен оған кеткен миллиардтар

27.07.2019, 18:28

191

Елордада шенділер мен ат үстіндегілерге арналған қорым дайын болды.Нұр-сұлтанның іргесіндегі ұлттық пантеонның бір бөлігі аяқталып қалған. 1 миллиардқа жуық қаражат кеткен зиратта  министр, депутат, әкімдер мен елге еңбегі сіңген белгілі тұлғалар жерленеді. 
Астанадан 20 шақырымдай жердегі Қабанбай батыр кесенесінің түбінен орын берілген ұлттық қорымда келушілерге ыңғайлы болсын деп орындықтар, жарықшамдар қойылыпты. Айналасы көгалдандырылған қорымда 2013 жылдан бері қарай бірнеше мемлекет қайраткері мен оның туыстары жерленіп үлгерген екен. 
Айта кетейік, қала әкімдігі ұлттық пантеонның бірінші кезеңінің құрылысына ең алдымен 2 миллиард 300 миллион теңге қажет болады деп жоспарлаған. Артынша, «молаға еденді электрмен жылытуға арналған құрылғыны орнату деген не сұмдық?» деп қоғамда қызу талқыға түскеннен кейін  бұл сомма 950 миллион теңге болып қысқарады. 

Міне, осы қаражатқа қорым абаттандырылып болашақ жерлейтін орындар дайындалып қойылған. Қазір бас аяғы 19 бос орын тұр. Осы жерлер толғаннан кейін пантеонды ұлғайта беретіндерін айтыпты.


Фото: informburo.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58