Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі

Еркежан АРЫН

13.05.2021, 09:51

802

Азаматтық қоғамды қалыптастыру шарттарының бірі – билік пен азаматтар арасындағы қатынастардың тік моделінен бірлескен шешім қабылдау үлгісіне көшу. Соңғысы өз кезегінде үшінші сектордың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде еріктілер қозғалысының дамуымен байланысты. Шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде волонтерлік қызмет жеке ұйымдардағы еріктілер жұмысының тиімділігі арқылы қарастырылады.

Қазақстандағы қазіргі волонтерлік қозғалыс жаңа құбылыс деуге болады. Бұл ерекше және халықтың көпшілігіне әлі де түсініксіз қозғалыс. Сонымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің тапсырысы бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулерге сәйкес, респонденттердің 10,7 пайызында еріктілік қызмет тәжірибесі бар.

«Волонтерлік қызмет туралы» заң қазіргі кезде құрылымдық сипатқа ие және бастапқыда қосымша қаржыландыруды көздемеген болатын. Осы кезде еріктілер қызметінің бірыңғай тұжырымдамалық аппараты мен құрылымы туралы шешім қабылдау маңыздылығы туындады. Тілек білдірушілердің барлығы осы заң жобасын талқылауға мүмкіндік алды. Әртүрлі топтармен көптеген әртүрлі алаңдар өткізілді. Парламент мәжілісінің депутаты Вера Ким мемлекет еріктілерді қалай қолдайтыны туралы пікір білдіріп:

– 2019 жылдың мамыр айында Қостанайда өткен Қазақстан–Ресей жастар форумында ел президенті барлық еріктілер ұйымдарының бастамасын қолдады. Біз шынымен таңғалдық және сонымен бірге 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялау туралы біздің бастаманы ел президенті қолдаған кезде қуандық. Еріктілер қызметін қолдаудың мемлекеттік саясаты бүгінде белсенді дамып келеді. Осы мақсатта заңнаманы жетілдіру бойынша  Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. «Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы жасалды, – деді.

Волонтерлікті жүйелі түрде дамыту мақсатында Ұлттық волонтерлік желі басқарған еріктілердің республикалық фронт-офисінің жұмысы да басталып етті. Өз кезегінде фронт-офис волонтерліктің түрлі бағыттары бойынша 17 аймақтық кеңсенің қызметін үйлестіретін бірыңғай орталыққа айналды. Qazvolunteer.kz еріктілердің бірыңғай онлайн-платформасының жұмысы да іске қосылып отыр. Қазіргі уақытта оған 47 мыңнан астам еріктілер мен 3000 түрлі волонтерлік ұйымдар және бүгінгі таңда еріктілердің көмегіне мұқтаж ұйымдар тіркелген.

«Осы кезеңде волонтерлік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру тетігін іске асыру жоспарланып отыр және зейнетке шыққаннан кейін еріктілердің қызметіне кеткен уақытты ескеру шарттары көзделуде. Осыған байланысты бұл тармақтарды ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына қосу ұсынылады», – деп түсіндірді Вера Ким.

Сонымен бірге волонтерлік ұйымдар қажет болған жағдайда еріктілердің волонтерлік іс-шараларға қатысуын растайтын тиісті құжаттарды ұсынуы және еріктілердің қызметіне кеткен уақытты есепке алуы мүмкін болады. Бұл әрекет еріктілер кітабына жазылады. Бұл шаралардың барлығына мемлекет басшысы берген нұсқаулар да енгізіледі.

Коронавирустық пандемия әрбір қазақстандықтың өмірінде үлкен өзгерістер жасады. Сонымен қатар бұл волонтерліктің жаңа қырларын көруге мүмкіндік бергені де белгілі. Қазақстанның еріктілері COVID-19-ға қарсы күресте ерекше, елеулі үлес қосты. Осы кезеңде өмірдің қиын жағдайына тап болған 1,5 миллионнан астам азаматқа көмек көрсетілген екен.

Халықаралық еріктілер саласында дамуда да айтарлықтай прогресс болғанын ерекше айтып өткен жөн. Себебі биыл бірінші рет Қазақстаннан жеті ерікті БҰҰ құрылымдарында жұмыс істей бастады. Бұл бастама Ақпарат министрлігі және БҰҰ еріктілері бағдарламасының келісімі аясында жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет тарапынан толықтай қолдау көрсетілетін біздің қазақстандық еріктілер төрт елде – Иордания, Таиланд, Түркия және Кенияда жұмыс істей бастағаны жарияланған болатын.

Соңғы бірнеше жылдағы оқиғалар мен азаматтар арасындағы әлеуметтік белсенділіктің көрінісі Қазақстандағы үшінші сектордың дамуындағы оң өзгерістерді көрсетеді. Соған қарамастан, еріктілердің қызметін талдау бұл бағыттың мемлекеттің қатысуына байланысты дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл әсіресе 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғанын ескеретін болсақ, маңыздылығы арта түседі. Алайда мемлекеттік саясаттың арқасында волонтерліктің құрылымдық сипатқа ие болып келе жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда: заң қабылдау, бірыңғай платформа құру, аймақтық деңгейдегі еріктілер желісін кеңейту және т.б.

Тегтер: волонтер еріктілер қоғам мәселе түйін

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02