Whatsapp-қа прикол түсіретіндер Жетісудың туризмін дамытпақ

10.09.2019, 07:20

51

Президент тапсырмасын орындауда үнемі үздіктер қатарынанкөрінетін Алматы облысының әкімдігі өңірдегі туризмді дамыту ісін мықтап қолғаалған сияқты. Осыған дейін әйгілі ВВСарнасын шақырып, туризмді насихаттау мақсатында Жетісудің табиғаты жайлыбейнеролик түсірген облыстың Ішкі саясат басқармасы бұл жолы вайнерлердіңкөмегіне жүгінуді жөн көрген екен.


Өткен сенбі күні бастау алған Vine Fest Zhetysuблог-турына Алматы облысының әкімдігі елге танымал 12 вайнерді шақырған. Алғашқы күні олар Талдықорғанқаласында жастармен кездесіп, 15 мың жастың көңілін көтерді. 5 күнге жоспарланған шараның қалған уақытындаАлматы облысының сакральды жерлерінде вайн түсірмек.


— Біз негізі уатсапқа прикол түсіретін балалармыз, яғни, вайнерміз. Роликтеріміздің бәрі өмірденалынған. Алматы облысының әкімдігі алғашқы рет шақырып отыр. Олар шақырмағанкүннің өзінде сіздердің өңірге келуге дайынмын. Себебі біздің табиғат кереметқой. Оны міндетті түрде түсіру керек, насихаттау керек. Ал, сокралды орындардыаралауға шыққанда түсіретін вайндарда импровизация болады. Оған арнайыдайындалған жоқпыз, — дейді, 1миллион 200 мың жазылушысы бар вайнер РатбекБАЙЕНОВ.

Идея авторы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіекен.

Бағдат НАУҚАНОВ Алматыоблысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары:

— Алматыоблысы — табиғаты бай, туристік аймақ. Бізге Елбасының" Руханижаңғыру" бағдарламасы аясында сакральды географияны насихаттау міндеті тұр.Қазір, жастардың бәрі Instagram және YouTube-ті қарайды. Сондықтан, аталғанәлеуметтік желіде аудиториясы үлкен вайнерлер арқылы ішкі туризмді насихаттаудұрыс шешім деп санаймыз. Вайнерлерге қойылатын арнайы шарттарымыз бар.Мәселен, олардың жазылушылары 1 миллион адамнан кем болмауы керек. Түсіретінвайндері 1 минуттан кем болмауы тиіс. Жалпы, бұл бастамадан соң Алматыоблысындағы туристік нысандарға келушілер саны артады деп есептейміз.


Алматы облысының әкімдігі осыған дейін әр жылдары«BlogCamp» республикалык блогерлер курылтайы, «Zhetysu info quest», «Аlakolsummer fest» және «Аlakol open air» сынды блог-турларұйымдастырған болатын. Тіпті, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі АрыстанбекМҰХАМЕДИҰЛЫ бастаған олимпиада жүлдегерлері де Алакөлге туристер тартумен айналысқан еді. Алайда, «игі шаралардан соң, Алматы облысынакелушілер санын көбейді ме, жоқ па деген сауалға әлі жауап бере алмаймыз. Оныарнайы есептеумен айналысып жатқан орталық бар, жұмысын бастағанына көп болғанжоқ», дейді, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорыныңорынбасары.

Жалпы, 5 күнге созылатын бір реттік шараға Алматыоблысының әкімдігі 17 791 150 теңге бөлген екен. Аталған қаражатқа вайнерлердіңгонорары, жүріп-тұруы, тамағы және т.б. қажеттіліктер кіреді. Бірақ, әкімдікшақыртуын қабыл алған вайнерлер ақшаның маңызды емес екенін айтады.


«Қазақстан жастарконгресі ұйымдастырған «Жастаркеруені» жобасы болған. Қателеспесем, вайнерлер 7 аймақты аралады. МенАқмола мен солтүстік Қазақстан облысын аралап, өзіме ұнаған және ұнамағантұстарын аудиторияма толық жеткіздім. Әзірге облыс әкімдіктері мен туризм басқармаларына бағытталғанвайндерімізге жауап қатқан жоқ. Бірақ, ара-тұра біздің ұсыныстарға құлақ түріпжатады. Қанша жерге бардық, ең басты проблема — жол. Сонымен қатардәретханалардың жағдайын атап өтуге болады. Осындай жағдайлардың бәрін көрсетіп, жоғарыда отырған кісілердіңқұлағына алтын сырға деп «намекать етуге» тырысамыз. Жастар жылы депбізге мүмкіндік беріп отыр ғой. Аға буынның оған шамасы да, уақыты да жоқ.Сондықтан қазіргі кезде вайнер және блогерлердің ықпалы көп. Тек, мемлекет оларға қолдаукөрсетіп, бірлесіп жұмыс жасаса дұрыс болар еді», — дейді жас вайнер ЖансерікҚАДІРБАЕВ.

Жоба шартына сәйкес вайнерлер «Алтын Емел»ұлттық паркі, «Шарын» шатқалы және Көлсай мен Қайыңды көлдерінде вайнтүсіріп, көрермендерге таныстыруы керек. Бірақ, вайнерлер баратын сакральдыаймақтардың кейбірінде әлі жол мен дәретхана жоқ.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09