Зайсанға арнайы жасақ келді

20.02.2020, 19:53

6

Youtubeжелісінде Зайсан ауданына арнайы жасақ келіпжатқанын көрсететін  бейне жазба тарапжатыр. Смартфонға түсірілген әуесқой бейне жазбадаЗайсан әуе айлағына қонып, ішінен әскери бүркеме киім киген адамдар менжәшіктерге салынған жүк түсіріліп жатқанын көруге болады.  Әуе айлағының әкімшілік ғимаратының (солайболар деп топшыладық) алдында екі-үш әскери көліктер тұр. Адамдар отыратынавтобус та байқалады. Арнайы киімдегі бірнеше әскери өздері көтерген жәшіктердіжаңағы мәшинелерге тиеп жатыр. Киімдеріне қарап, арнайы жасақ  сарбаздары екенін  түсінесің. Сол маңда жүрген  ел-жұрттың «спецназды неге әкеп жатыр?» депсұраған  үндері де естіледі.

Шығыс Қазақстаноблысындағы Қытаймен шекаралас жатқан Зайсан ауданы жеріндегі Майқапшағайбекеті арқылы өткен автобустың  жолаушыларын коронавируске карантинге жатқызбақшы болып, сол маңдағы Айнабұлақ пен Сарытерек  ауылдарын қамтып отырған,  жергілікті амбулаториялық ауырухананы дайындайбастаған болатын. Жергілікті халық бас көтеріп, биліктің бұл әрекетіне қарсышыққан еді. Зайсан ауданына облыс әкімі Даниал Ахметов те жетіп, дүрліккен елгемән-жайды түсіндірмекші болған. Бірақ, әкім мен жиналған жұрттың арасындакелісімді әңгіме өрби қоймады. Жергілікті халық «ешқандай да карантин өткізугежол бермейміз, Қытаймен шекара жабылсын» деген талап қойып отыр.  «Үкімет бүкіл шекара жабылды деп, неге өтірікайтады» дейді үрейлі халық.

Ал, арнайыжасақтардың жеткізілуі биліктің өз дегенін ғана орындауға бел буғанынан белгіберсе керек.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34