Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

24.02.2021, 16:40

779

Заман өзгергенмен, қарапайым халықтың  баспанаға қажеттілігі азайған емес. Олай дейтініміз, үйге сұраныс білдірген  Қарағандылықтардың қатары жылма-жыл өсіп келеді. Бұған урбанизациялық үдерісінің де әсерін жоққа шығаруға болмас.  Қарағанды облысы бойынша бүгінде 36 мың адам әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр.   Мұқтаж жандардың алды  пәтерлерін он жылдай сарылып күтеді екен. Бұл орайда, барлық гәп-кезектің мелшиіп тұруында.  Сарапшылар оның ендігі бір  себебін, қалада  көптен бері  тұрғын үй құрылысының жүрмеуімен түсіндіреді. Бұқараның үміті  енді оянғандай. Кеншілер шахарында құрылыс  бір жарым жылдың мұғдарында ілгерлей бастады. Былтыр « Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сүйтіп,  үй кезегіндегі 2,5 мың азамат баспанаға қол жеткізді.  Биыл облыста 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.  Бұл дегеніміз,  кезекте тұрған  2,9 мың тұрғын қоныс тойын өткізеді деген сөз. Облыс әкімінің ақпанның 19 күні  тұрғындар алдындағы есеп беру кезінде әсіресе үй кезегінде тұрған елден  сауалдар көп түсті. Олар әкімнен: «пәтер кезегін қашан бір ретке келтіресіздер?» деп сұрады  Маңызды мәселеге түсінік берген Жеңіс Қасымбек:

-Енді тұрғын үй кезегінде тұрғандар туралы барлық деректер бір жерге біріктіріледі. «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай орталық құрылады. Мұнда кезекте тұрғандар бойынша барлық деректер енгізіледі және тұрғын үй кезекке қойылған күні бойынша бөлінетін болады-деді.

Одан әрі аймақ жетекшісі ауылдық жерлерде тұрғын үй салу кезінде  жұмсалатын  шығындардың бір бөлігін субсидиялауды жоспарланғанын  жеткізді. Осындай мүмкіндік берілген жағдайда, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп,  өзімізді-өзіміз жарылқауымыз керек дегенді ескертті.

– Қалалар мен аудандардың әкімдері жергілікті жерде  қарашаны үймен қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары дер кезінде  және сапалы жүргізілуі тиіс.  Сондай-ақ, құрылыс барысында  өңірлік төл өнімдерді сатып алуға және қолдануға назар аудару қажет, – деп тапсырды Жеңіс Қасымбек.

Кеншілер шахарында бой көтеріп жатқан баспана  құрылысы көз сүйсіндіреді. Бұл міндеттің  қожайыны   үй кезегін бақылайтындар мен  үлестіретін шенеуніктердің қолында.  Олар  қалай үлестіріледі? Бұйыртса, оны да  алдағы уақытта  біле жатармыз. Қалай болғанда да, үлкен олжадан дәмелі жұрттың  үміті ақталса екен дейміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24