Зәулім үй Теңлібаевқа тиесілі емес (видео)

07.06.2018, 00:12

8

Сыбайластарымен бірге 1,2 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілігіп, екі айға қамауға алынған ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төрағасының орынбасары Нұржан ТЕҢЛІБАЕВТЫҢ фотосы  ғаламторды шарлап кеткен хан сарайындай зәулім үйі жоқ. Бұл туралы zhasalash.kz сайты хабарлайды. Жас алаш сайтының өңірдегі тілшісі осының рас-өтірігін анықтау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы  ОҚО бойынша департаментімен хабарласқан болатын. Алайда ондағылар Н.Теңлібаевқа қатысты ұстау, тергеу амалдарын Астанадағы Ұлттық бюроның жүргізгенін мәлім етті. Аталған құзырлы органның ресми өкілі Нұрлан ЖАХИН осы мәселеге қатысты жолдаған сауалдарымызға әлі жауап берген жоқ. Дегенмен әлеуметтік желіде сән-салтанаты келіскен үйдің Теңлібаевқа қатысы жоқ екендігі белгілі болып қалды. Бұл суреттер биыл ақпан айында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен ұсталған Дағыстанның бұрынғы білім министрі Шахабас ШАХОВТЫҢ үйі болып шықты. Суреттер экс-министр ұсталған кезде ақпарат құралдарында жарияланған екен. Ал Теңлібаевтың үйі болуы мүмкін деген видео туралы әзірге нақты пікір айту қиын.www.youtube.com/watch?v=9XOjBMCLCFw&feature=youtu.beВидеодағы үйдің Шымкентте орналасқаны күмән тудырмайтын сияқты. Мұны есік алдындағы  ақ түсті жол талғамайтын «777 OBA 13» нөмірлі қымбат көлік айғақтап тұрғандай. Дегенмен бұл үй ұсталған Теңлібаевтікі деп кесіп айту да қиын. Видео ютуб желісіне «ОҚО-да баланың ісіне (шамасы Сарыағашта зорланды деген бала болса керек. ред.) қатысы бар шенеуніктің үйі» деген атаумен де тасталған. Осыған қарағанда бұл күн тәртібінде тұрған мәселе туралы өтірік ақпараты қоздатып, жеке парақшасының қаралымын көбейтушілердің әрекеті болуы да мүмкін.Тілші Теңлібаевты азды-көпті білетін азаматтармен де тілдесіп көрген болатын. Алайда олардың көпшілігі жауап беруден қашқақтап, бастарын ала қашты. Тек аты-жөнін көрсетпеуді сұранған бір азаматтың айтуынша, Нұржан Теңлібаев тоқсаныншы жылдардан бері кеден органдарында қызмет еткен, уақтысында Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары болған. Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінде лауазымды қызметтерді атқарған. Ал кеден мен салық қосылған кезде облыстық кірістер департаменті төрағасының орынбасары лауазымына кіріскен.-Теңлібаев сән-салтанатқа құмар жігіт емес. Сондықтан видеодағы үй оған тиесілі дегенге өз басым сене алар емеспін. Оның үстіне мемлекеттік қызметте жүрген адам байлығы асып-тасып жатса да оны жарқыратып көрсетуге тәуекел ете бермейді ғой,-деді сұхбат беруші.Дегенмен кім біледі?Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте антикоррупциялық органның жүргізген операциясы нәтижесінде ОҚО кірістер департаменті төрағасының орынбасары Нұржан Теңлібаев ұсталған болатын. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша 16 кеден қызметкері тұтқынға алынған. Оларға кеденде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жүйелі түрде пара алды деп, ал Теңлібаев осы қылмыстық схеманың  ұйымдастырушы әрі жетекшісі деп күдіктелуде.

Фотолар мен видео әлеуметтік желілерден алынды. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39