Зейнетақы қоры азайды ма, салымшылар дабыл қақты

21.04.2020, 06:55

29

Карантин уақытында халықтың зейнетақы жинақ қорындағысалымдары біртіндеп азая бастаған. Біреулер бір күнде 14 мың теңгесінен«айырылса», енді біреулер «54 мың теңгем жоқ»ң деп зар қағуда.

Бұған БЖЗҚ АҚ басшылығы шұғыл жауап берді. Олардыңайтуынша, зейнетақы салымдары құнды қағаз, шетел валютасы секілді түрліқаржылық инструменттерге салынады екен. Ал әлемдегі экономикалық жағдай тұрақтыемес. Әр кезде әрқалай өзгеріп отырады. Сондықтан, зейнетақы салымдарынантүсетін инвестициялық табыс бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Сондай-ақ,инвестициялық табыс күн сайын есептелінеді. Соған сәйкес, зейнетақы жинағындағықаржы да өзгеріп отырады.

Дәл осындай жағдай естеріңізде болса, 2017 жылғы қаржылықдағдарыс кезінде де қайталанған еді. Ол кезде азайған сома көлемі көрсетілмей,тек, жинақталған инвестициялық табыс қана тіркеліп отырды. Қазір жағдай сәлбасқаша. Телефондағы қосымша арқылы зейнетақы қорындағы ақшаныңкөбейіп-азайғанын онлайн режимде бақылай аласыз.

БЖЗҚ қызметкерлері инвестициялық табыстың көлемін күнсайын емес, бір жылғы табысты есептей отырып, бақылауға кеңес береді. Олардыңайтуынша, зейнетақы қорындағы салымдар өзгермейді. Тек, инвестициялық табыстыңкөлемі ғана өзгеріске ұщырайтын көрінеді.

БЖЗҚ берген мәліметке сүйенсек, жыл басынан бергіинвестициялық табыстың динамикасы едәуір өскен екен. Яғни, осы үш жарым айдасалымшылардың есеп-шотына 661,7 млрд теңге инвестициялық табыс түскен. Бұлдегеніңіз жинақтар жыл басынан бері 6 пайыз, ал соңғы 12 ай бойынша 12 пайызғаөсті деген сөз. Ал зейнетақыны қазіргі қымбатшылыққа қатысты индексациялау немесекөтеру қалай жүзеге аспақ?

ҚР «2020-22 жылдарғаарналған республикалық бюджеті туралы» заң жобасында бұл мәселе былайқарастырылған: жасына сәйкес, зейнетке шыққан қариялардың зейнетақысы 7 пайызғаартып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне қарай, еңбек өтіліне қарамастан,төлене бастайды. Қаңтардан бастап, ол 5 пайызға өседі. Ең төменгі күнкөрісдеңгейі 1500 теңгеге артып, 31183 теңгеге жетеді. АЕК те 126 теңгеге көтеріліп,2651 теңгені құрайды. АЕК-тің көтерілуіне байланысты

мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар, жүкті әйелдермен жұмыссыздар секілді көптеген категориядағы азаматтардың жәрдемақылары даөседі.

Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғаудепартаменті басшысы Айдынжан Нарматовтың айтуынша, 1 сәуірден бастап,зейнетақы тағы да көбейіп, жылдық есеп бойынша барлығы 10 пайызға артады.Сөйтіп, Алматы қаласының 589 мың 177 тұрғынының зейнетақысы көбейді. Енді оларбұл қаржыны мамыр айынан бастап, ала бастайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы менмемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіш бойынша 10 пайызға көтереиндексациялау туралы тапсырмасына орай, «2020-2022 жылдарға арналғанреспубликалық бюджет» туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, АЕК — 2778 теңге, төменгі зейнетақы — 40441 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі — 32668теңге, базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 17641 теңге, ал ең төменгіайлық жалақы — 42500 теңге болып бекітілді. 

Ең бастысы, бейнетінің зейнетін көрер азаматтарымызкөп болсын!

Мейіржан АҚАТАЙ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57