Зейнетақы реформасы: халық нені білуі керек?

Қордағы қаржы мөлшері де жоғары болуы тиіс.

Еркежан АРЫН

06.01.2021, 11:53

1338

Белгілі бір жастағы салымшы үшін жинақталған зейнетақы қаражатының минималды қажетті мөлшері жеткіліктілік шегі бойынша қарастырылады.

БЖЗҚ-ға оның кірістерінен болашақтағы 10% тұрақты зейнетақы жарналарын ескере отырып (ең төменгі жалақы көрсеткішінен төмен емес), ол ең төменгі зейнетақы мөлшерінен 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов:

– Біз аударылған міндетті зейнетақы жарналарына ең төменгі жалақы – 42 500 теңгені негізге алдық. Осының негізінде еңбек қызметінің қалған ұзақтығы зейнеткерлік жасқа жеткенде кем дегенде алты миллион теңге жинауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 82 жасқа дейін өмір сүруді ескеретін болсақ, адам өзінің зейнетақысының қаржыландырылатын құрамдас бөлігінен ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде алады деп болжануда. Бұл қажетті стандарт болып табылады», — деді.

Яғни, қордан қаржы алғысы келетін адамның жасы зейнеткерлікке жақын болған сайын, қордағы қаржы мөлшері де жоғары болуы тиіс.

2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе оларды жеке компанияларға өткізуге қолдана алады деп жоспарлануда.

Үкімет уәкілетті операторды және жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін анықтауы керек.

Бұған дейін:

30 жастағы адамдар үшін шекті деңгей 2,5 миллион теңгені,

35 жастағылар үшін үш миллион теңгені,

40 жастағылар үшін 3,4 миллион теңгені,

45 жастағылар үшін 3,9 миллион теңгені,

50 жастағылар – 4,5 миллион теңге,

55 жастағылар – 5 миллион теңге,

59 жастағылар және одан үлкендер – 5,6 миллион теңге болады деп хабарланған болатын.

Білуге тиісті нәрсе, салымшылар жеткіліктілік шегін алып тастағаннан кейін қалған қаражатты ғана ала алады.

Тегтер: зейнетақы жүйесі экономика халық нарық болашақ қамсыздандыру бастама жоспар шара жинақ келешек қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11