29.01.2021, 11:11
1436
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артығын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметіне жұмсай алады. Бұл туралы «Отбасы банктің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
«Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы отырысында айтылған мамандар пікіріне сүйене отырып, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне сегізінші мақсат қосылды. Ол „көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар“ деп аталады. Оның ішінде ЭКҰ процедурасы да бар», – деді әлеуметтік желіде қазақстандықтардың сауалына жауап берген Ибрагимова.
ЭКҰ жүргізу үшін зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР