Зейнетақы жинағының артылғанын алуға қатысты жаңа ереже енгізіледі

Сайт әкімшілігі

02.06.2021, 10:37

3126

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, туыстар арасында тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелеріне тыйым салатын шарттарды кеңейту жоспарланып жатыр.

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы мен өтініш берушінің жұбайынан, жақын туыстарынан, сондай-ақ жұбайының жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға жол берілмейді. Осы тармақтың орындалуын бақылау мақсатында зейнетақысын алушы жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлеміне электрон өтінім берген кезде туыстарынан жылжымайтын мүлікті сатып алмау туралы міндеттемеге қол қояды», — осындай тұжырымдамада зейнетақы «артық шығымын» пайдалану жөніндегі ережеге өзгеріс ұсынылған.

Бұл ретте жақын туыстарға: ата-ана, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жататыны нақтыланады.

Отбасы банк деректеріне сүйенсек, 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша 159 621 қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігін қолданған. Оның жалпы сомасы бір триллион теңге. Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан көбі, 51 пайызы БЖЗҚ-дан жинақтарын ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей-ақ тұрғын үйді толық сатып алуға жұмсаған.

Тегтер: зейнетақы жинақ ипотека несие баспана тұрғын үй

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02