Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сайт әкімшілігі

21.12.2020, 16:55

800

Сенат түзетулер енгізіп, Мәжіліске зейнетақы жинағын тұрғын үйге және емделуге пайдалану нормаларын қамтитын экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң жобасын қайтарды.

«Заң жобасымен жұмыс барысында нақтылау сипатындағы бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі қайшылықтарды жою және Заң жобасының нормаларын қолданысқа енгізу қажеттілігі туындады», — деді Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Еділ Мамытбеков.

Палата спикері Мәулен Әшімбаев заң жобасы ел экономикасының өсімін қалпына келтіруге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емдеу үшін пайдалану құқығы белгіленеді.(...) Заң жобасына сәйкес, басшылық лауазымдарды атқаратын микроқаржы ұйымдарына және олардың қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілетін болады.

Бұл қарыз алушыларды қорғау және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берілетін басымдық. Осы заң жобасында білім беру гранттарына квоталар көзделген. Бұл норма көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Заң жобасын Сенаттың комитеттерінде қараған кезде оған өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізілді. Бүгін палата қолдады, олар Мәжіліске жіберіледі. Заң қабылданғаннан кейін ол еліміздің игілігіне қызмет етеді деп үміттенеміз», — деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11