12.02.2021, 16:58
1544
Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
«31 қаңтардан бастап Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында „жасыл“ аймақта тұр. Бірақ қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының өршу қарқыны бойынша репродуктивті саны — R-0,949, яғни 1,0-ге жақын. Ол нормадан аса қала „сары“ аймаққа өтеді. Осыған байланысты Алматыда бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 31 қаңтардағы №3 қаулысымен белгілеген матрицаның „сары“ аймағына сәйкес келетін шектеу шаралары қолданылады», — деді Қалықова.
Сондай-ақ, Қалықова қоғамдық орындарда жұқтыру саны 5,1 пайызға — 38,6-дан 43,7 пайызға дейін көбейгенін айтты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР