Жағдай Шымкентте де күрделенді

Үшінші мегаполис вакцина салдырудан көш басында келеді

М.СӘУЛЕБЕК

02.07.2021, 11:36

1467

Коронавирус инфекциясына қатысты ахуал Шымкентте де күрделеніп келеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының таратқан мәліметіне қарағанда, апта басында мегаполисте коронавирус жұқтырған 103 азамат тіркелді. Науқастар  өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар. Қазіргі уақытта 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 83 адам үй бақылауына алынған.

Шымкентте мамандандырылған инфекциялық орталықта 1276 төсек-орын бар. Оның ішінде 898 төсек-орын бос. Ал 378 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда. Айта кетері, мегаполисте коронавирусқа қарсы егу науқаны басталғалы барлығы 251 312 адам вакцинацияланды. Оның ішінде, 149 015 адам вакцинаның екі компонентін алғандар.  

  • Шымкент қаласында да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекция жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім-жітім көрсеткішінің саны артуда.  Осы орайда, вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды, осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз, – деген болатын жуырда шымкенттіктерге арнайы бейнеүндеу жариялаған қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

 Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің  төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында да талқыланды. Жауапты басшылардың баяндауынша, қаладағы емханалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры және вакцина жеткілікті. Мониторингтік топ карантин талаптарын сақтау бойынша күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Алайда тойханаларда той-жиындардың тоқтамай жатқаны да айтылды.

  • Елімізде коронавирустың Үнді штампы анықталды. Демек, босаңсуға болмайды. Инфекцияның қайта таралуын болдырмау үшін дайындықты күшейтуіміз керек. Тұрғындарға вакцинаның жеткілікті, бүгінде жалғыз тиімді шешім – екпе салдыру екенін дұрыс түсіндіру маңызды. Қазір қаладағы вакциналануға жататын тұрғындардың 44 пайызы екпе салдырған. Осыны толық көлемде жүзеге асырсақ, қайта қалыпты өмір салтына оралар едік. Мониторингтік топтың жұмысы күшейтілсін, – деді М.Әйтенов.

Шымкентте вакцинациялау шаралары 1 ақпаннан басталды. Қазіргі көрсеткіштің 44 пайыз екені жоғарыда аталды. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткішпен Шымкент қаласы республикада  көш басында келеді. Иммундау шарасынан өткендердің басым бөлігін педагогтар құрайды.

Азаматтарды вакцинациялау үшін қалада 43 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, 25 жылжымалы егу пункті бар. Шымкентте егу пункттерінде медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, жұмыс істейді. Жаппай вакцинациялау алгоритміне сәйкес, қала тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім және алдын ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Бүгінге дейін қалаға ковидке қарсы  барлығы 394 545 доза вакцина жеткізілген. Қазір емдеу мекемелерінде 63 463 доза инфекцияға қарсы вакцина бар.

Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 7228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6829 адам емделіп шықты, өкінішке қарай, 157 адам қаза болды. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13,1 миллиард теңге қарастырылды. Медицина қызметкерлерінің дайындығын пысықтау мақсатында 14 157 медицина қызметкері оқытылды. Мұрат Әйтенов бұған дейін Шымкенттің індетке қарсы үш сценарий бойынша дайындалғанын атап өткен болатын.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15