Жаһандық кедейлік басталады - БҰҰ

Сайт әкімшілігі

12.09.2020, 08:33

1074

Адамзат үшін әлемдік кедейліктің басталуы болжанды.

Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған.

Коронавирустық пандемия 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстырмалы түрде бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелетіні атап өтілген.

Ұйым өкілі Оливье де Шуттер әлем бойынша 176 миллион адамға кедейлік қаупі төніп тұрғанын айтты. Баяндамада көптеген елдерде пандемия кезінде азаматтарды қолдау бойынша қысқа мерзімді шаралар қабылданған, бірақ олар жеткіліксіз екені баса айтылған.

«Кедейліктің негізгі деңгейі күніне 3,2 доллар болса, тағы 176 миллион адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл „КОВИД-19 жоқ“ кездегі сценарийімен салыстырғанда кедейлік деңгейінің 2,3 пайызға өсуіне тең», — деді ол.

Шуттер мемлекеттерді кедейлік пен теңсіздікті жою үшін неғұрлым батыл қадамдар жасауға шақырды, өйткені қазіргі жағдайда, оның пікірінше, ауыр дағдарыс сөзсіз болады және оның салдары адамзатқа ауыр әсер етеді.

Тегтер: кедейлік БҰҰ кедейлік шегі адам капиталы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08